2024 жылдың 18 қыркүйек күні облыстық филармония залында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл - рухани қазына» облыстық фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. Аталған фестивальға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ЖтҒМ 21-ГРК-1 және 21-ГДК-1 топтарының 4-курс студенттері және «Геология және ПҚК барлау» БББ оқытушысы Сыпайнова Г.С. көрермен ретінде қатысып, қолдау көрсетіп қайтты. Фестивальда тілдің дамуына көп үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты. Студенттер бұл шарадан жақсы әсер алып, рухани байып қайтты.


