2024 жылғы 23 қазан күні 22-ЗКК-1 тобының студенттерімен «Республика күні: жастардың рөлі мен болашағы» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттермен еліміздің жетістіктері, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы және жастардың осы болашақтағы рөлі жайлы терең пікір алмасып, қызықты әңгімелер жүргізілді.

Жастар - еліміздің ертеңі. Сондықтан, біз білімді, дарынды, жігерлі жас ұрпақпен жарқын болашаққа сеніммен қараймыз!