2025 жылдың 19 қыркүйегінде Быструха ауылында эко-блогер Алексей Сибирскийдің қолдауымен ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтті.

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері бұл шараға қатысып, Шығыс Қазақстан ормандарын қалпына келтіруге өз үлестерін қосты.

Бұл іс-шара біз үшін маңызды әрі қызықты ғана емес, ең бастысы – табиғатты қорғау мен болашағымыз үшін үлкен тәлім болған іс-шара болды.