6B11302 - Логистика (Көлік)

Таңдау бойынша тестіленетін пән - география.

Профиль бойынша пән - математика.

Қазіргі уақытта логистиканы пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуда. Алайда, бүгінгі таңда тәжірибелік жұмыс тәжірибесі ғана емес, логистика саласында іргелі теориялық білімі бар мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

«Логистика (көлік)» білім беру бағдарламасы көліктік, қоймалық, тарату логистикасы саласында білімі бар мамандарды даярлауды болжайды және қалыптастырады: 

  • көлік-логистикалық жүйелердегі жүктер мен жолаушыларды жеткізудің экономикалық орынды әдістерін әзірлеу кезіндегі логистикалық тәсілдердің мәнін білу;
  • көліктік-логистикалық үрдістерді басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы оңтайландыру әдістерін білу;
  • жүктер мен жолаушыларды жеткізудің оңтайлы көліктік- логистикалық сызбасын әзірлей білу;
  • логистикалық үрдістерді басқару саласында ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін қазіргі заманғы оңтайландыру әдістерін қолдана білу;
  • көліктік-логистикалық жүйелерді басқару және талдау дағдылары;
  • жеткізу тізбектерін оңтайландыру және тарату жүйелерінің экономикалық көрсеткіштерін бағалау дағдылары.

«Логистика (көлік)» ОБ түлектері қызмет атқара алады

Логистика компаниясы қызметінің (бөлім) бастығы; бөлімдердің бастығы: тасымалдауды, қоймалық жүк өңдеуді, тапсырыстарды басқару, кеден тобын басқару; жетекші логист; логистик менеджері; логист - талдаушы; көлік және қойма үрдістерін үйлестіруші; контроллинг бөлімінің логисты; қорларды басқару бөлімінің логисты; IT-бөлімінің логисты.

Кәсіби қызмет саласы:

  • кәсіпорындардағы көліктік-логистикалық үрдістерді жоспарлау және ұйымдастыру;
  • тауарды жеткізу, сақтау және жөнелту үрдістерін оңтайландыру;
  • жүктерді жеткізудің оңтайлы жоспарларын және тасымалдау бағыттарын әзірлеу;
  • қойманың, көлік қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру;
  • көліктік-логистикалық жүйелер жұмысының тиімділігін бағалау және логистикалық операцияларды бақылау;
  • сатып алудағы, өндірудегі және таратудағы логистикалық үрдістерді басқару;
  • материалдық және материалдық емес ағындарды басқаруға байланысты ұйымның ресурстарын оңтайландыру.

ШҚО аумағындағы жұмыс берушілер:

  • логистикалық орталықтар,
  • жолаушылар және жүк автокөлік кәсіпорындары;
  • көліктік-экспедициялық компаниялар;
  • көлік-логистикалық компаниялар;
  • көлікті басқарудың аймақтық органдары;
  • материалдық өндіріс, тауар айналымы, қызмет көрсету саласы, ритейл.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін Мәскеу мемлекеттік автомобиль-жол техникалық университетімен (ММАЖУ, Мәскеу қ., РФ), Wrocław University of Science and Technology (Вроцлав қ., Польша), И.И. Ползунов» атындағы «Алтай мемлекеттік техникалық университеті»  (Барнаул қ., РФ), «БИПЭК АВТО» компаниялар тобы, «Азия Авто» АҚ» келісімдер жасалған.

Сонымен қатар, бағдарлама оқытушылары Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» жобасын жүзеге асыруға қатысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту міндетті болып табылады. Оқытушылармен бірге келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі:

  • өңірдің өнеркәсіптік және тұтыну нарығына көліктік қызмет көрсетудің логистикалық жүйелері;
  • қалалық логистиканың даму мәселелері (логистика-сити);
  • логистикалық жүйелерді оңтайландыру және қалыптастыру;
  • сақтау мен жүкті өңдеу технологияларын жобалау;
  • жүк және жолаушылар автомобиль көлігінің жұмысын ұйымдастыру және басқару;
  • қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық желісін қайта ұйымдастыру.

Студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі басылымдарда жарияланады. 

Оқу кезінде біздің студенттер университет өміріне белсенді қатысады, сонымен қатар университет облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысады, КТК командаларының құрамына кіреді. 

Бітіргеннен кейін бітірушіге 6B11302 - Логистика (көлік) білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектердің ШҚМТУ магистратурасында оқуын жалғастыруларына мүмкіндіктері бар.