7M07107 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

1 – кешенді тестілеу пәні – Машина бөлшектері

2 - кешенді тестілеу пәні – Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары

7М07107 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасы көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану бойынша білімі мен іскерлігін, технологиялық процестерді жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын және өндірісті басқаруды меңгерген тәжірибеге бағытталған маманды дайындауға арналған және: 

  •  көлік техникасын жобалау, жасау және пайдалану саласындағы ғылыми танымның дамуындағы заманауи үрдістер туралы білім;
  • кәсіби қызметте танымның ғылыми әдістерін қолдана білу;
  • көлік техникасындағы техникалық жүйелердің тиімділігін бағалай білу;
  • көлік техникасы саласындағы ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды қолдану және инновациялық даму үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен сапасын арттыру әдістері мен құралдарын білу;
  • жобалық және зерттеу есептерін жүргізу кезінде процестер мен құбылыстарды талдаудың заманауи тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін сын тұрғысынан талдай білу;
  • жаңа бейтаныс жағдайларда зерттеу міндеттерін шешу үшін беріктілік пен ұзақ мерзімділіктің қазіргі заманғы теорияларын зерттеу шегінде алынған білімді біріктіре білу;
  • жаңа технологияларды әзірлеу саласындағы жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау;
  • технологиялық процестерді жүзеге асырудың барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру және басқару дағдыларын қалыптастырады.

7М07107 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасының түлектері өндіріс жөніндегі директор; сапа және техникалық бақылау жөніндегі директордың орынбасары; бөлім бастығы; инженер-конструктор; инженер-технолог; көлік техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер қызметін атқара алады.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары ҚР барлық меншік түріндегі кәсіпорындары болып табылады:

  • автоқұрастыру зауыттары,
  • автожөндеу кәсіпорындары,
  • көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар,
  • конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдар,
  • көлік, жол және құрылыс техникасын және олардың компоненттерін өндіретін машина жасау зауыттары,
  • машина жөндеу кәсіпорындары,
  • көлік, жол және құрылыс техникасы сервисінің кәсіпорындары мен ұйымдары 

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін "АЗИЯ АВТО" АҚ, "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" ЖШС, "СемАз" ЖШС және басқа да кәсіпорындармен бірлескен ынтымақтастық және іс-тәжірибелік базаны ұйымдастыру туралы шарттар жасалды, онда көшпелі сабақтар, зерттеу тәжірибелері өткізіледі.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 4 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады.

Магистранттар академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Серіктес ЖОО: Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ) Мәскеу қ., Ресей, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті, Вроцлав, Польша.

Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді түрде қатысады.  

Мамандық бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауларында магистранттар жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

Бітіргеннен кейін білім алушыға 7М07107 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары"білім беру бағдарламасы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлік диссертацияларды қорғау Шығыс Қазақстан облысының тірек кәсіпорындарында жүргізіледі.

Магистратураны бітіргеннен кейін түлектер ШҚМТУ-да докторантура мамандықтары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.

2019 жылы магистратура түлектерін жұмысқа орналастыру 100% құрады.