6B07302 - Геодезия және картография

Бейіндік пәні - математика

Таңдау бойынша тестілеу пәні - физика

Геодезия және картография – құрылыс алаңында әртүрлі инженерлік есептеулерді шешумен; материктердің жылжуын және жер қабатының өзгеруін байқаумен; әртүрлі  сандық түріндегі карталар мен картографиялық проекцияларды дайындау және құрумен; жер бетіндегі жеке нүктелердің координаталарын анықтаумен айналысатын ғылымдар.

Геодезистердің қызмет өрісі технологиялардың дамуына байланысты айтарлықтай кеңейді. Мамандардың білімдері мен іскерліктері ғаламдық та, оқшау масштабта да қолданылады: ғарыштық зерттеулер, жобалау, құрылыс, инженерлік құрылысты пайдалану, деформацияларды бақылаудың геодезиялық қамтамасыз ету, электронды карталарды, атластарды, жоспарларды әзірлеу, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан түсірісті орындау.

Қызмет саласы:түлектер топографиялық-геодезиялық кәсіпорындарда, аудандық (қалалық) сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде, геодезиялық, картографиялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар ұйымдар мен жеке кәсіпорындарда инженер-геодезист, техник геодезист, геодезист-картограф, маман ретінде жұмыс істей алады.

Барлық мамандықтар бойынша 1, 2 курстарда оқитын студенттерге «Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы 2, 3-ші разрядты өлшеуші» деген мамандық беріледі. Студенттер білікті маман болып кәсіпорындарда жұмыс істеу мүмкіндігін алады.

Студенттер Ресей Федерациясы, Новосібір қаласындағы Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университетінде бірлескен тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар.

технологий в г. Новосибирск, Российская Федерация.

 

Оқу іс-тәжірибе Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы "Простор" жазғы экспедициялық лагерінде, өндірістік іс-тәжірибе қаланың, облыстың, Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары базасында жүргізіледі.

Басқа елді мекеннен келген студенттер үшін жатақхана беріледі. Студенттерге әскери кафедрада оқып, офицерлік атақ беріледі.

Оқу бітіргеннен кейін БББ бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектер 7М07302 "Геодезия" білім беру бағдарламасы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ МАГИСТРАТУРАСЫНДА оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.