6B07306 - Кадастр

5В090700-Кадастр білім беру бағдарламасының мақсаты

1) Бітірушіні жер ресурстарын басқару жүйесінде өндірістік-технологиялық қызметке дайындау: геодезиялық, топографиялық түсірілімдерді, жоспарлы-картографиялық материалды түзетуді ұйымдастыру және жүргізу, жерді тіркеу және есепке алу, жер учаскелерін бөлу және құқықты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, ауыл шаруашылығы жерлері мен елді мекендердің жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу, барлық санаттағы жерлердің мониторингін жүзеге асыру, жер және жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізу.

2) Бітірушіні есептік-жобалау қызметіне дайындау: жер баланстарын, жер-кадастрлық құжаттар мен карталарды, мелиорация және жерді жақсарту жобаларын жасау.

3) Бітірушіні ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау: геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізуді, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды, мониторингтік және іздестіру және зерттеу жұмыстарын басқару және ұйымдастыру.

4) Бітірушіні эксперименттік-іздестіру қызметіне дайындау: жер кадастры, жер мониторингі, жерді бағалау бойынша ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді жүргізу.

5) Әлеуметтік-жеке қасиеттерін қалыптастыра отырып, бітірушіні кәсіби қызметке дайындау: мақсатқа ұмтылу, ұйымшылдық, еңбекқорлық, коммуникабельділік, ұжымда жұмыс істей білу, өзінің кәсіби қызметінің соңғы нәтижесі үшін жауапкершілік, азаматтық жауапкершілік, толеранттылық; олардың жалпы мәдениетін арттыру, жаңа білім мен біліктерді өз бетімен алу және қолдану қабілеті.

Оқыту күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі, мемлекеттік және орыс тілінде.

«Кадастр» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау екі траектория бойынша жүргізіледі: «Жер кадастры» және «Қала құрылысы кадастры»

Мемлекеттік жер кадастры - жердің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі.

«Кадастр» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау екі траектория бойынша жүргізіледі: «Жер кадастр» және «Қала құрылысы кадастры

Кадастр бакалавры ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитетінде, жер қатынастары басқармасы мен бөлімдерінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы» департаменті, сәулет және қала құрылысы басқармасында, жылжымайтын мүлік агенттігінде, табиғатты қорғау прокуратурасында, салық комитеттерінде, банктерде маман, инспектор, кадастр жөніндегі маман, геодезист, картограф ретінде жұмыс істей алады.

Кәсіптік іс-әрекеттің объектілері: республиканың жер ресурстарының барлық санаттары; меншік нысанына және жер учаскелердің нысаналы мақсатына, санаттар бойынша реттелуіне қарамастан қалалардың, кенттердің, ауылдық елді-мекендердің шекарасында орналасқан жылжымайтын мүліктің түрлері болып табылады.

Кәсіптік іс-әрекеттің заты болып келесілер табылады: жерлердің геодезиялық және топографиялық түсірістері; жерлердің фотограмметриялық жұмыстары мен картографиялау, соның ішінде геоақпараттық және сандық технологияларды қолданумен; мемлекеттік жер кадастрын және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ЖК ААЖ) жүргізу; жерлердің пайдалану мен қорғалу бойынша мемлекеттік бақылауын, мониторингін (байқауын) жүргізу; жер-бағалаулық жұмыстарын жүргізу.

Түлектердің жұмысқа орналаса алатын орындары:  ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеті, Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы қорғалуын бақылау басқармасы, жер қатынастары басқармалары мен бөлімшелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы» департаменті, сәулет және құрылыс басқармалары, жылжымайтын мүлік бойынша агенттігі, табиғатты қорғау прокуратурасы, салық комитеттері, банктер.

Емтихан келесі пәндер бойынша тапсырылады: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, математика, география.

Магистратура - ғылыми-педагогикалық кадрларды және мамандық бойынша мамандарды тереңдетіп дайындау формасы. 5В090700 - Кадастр бакалавры 6М090700 - Kадастр мамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыра алады.

Кәсіби қызметтің пәні болып: жердің геодезиялық және топографиялық түсірістері; фотограмметриялық жұмыстар және ГАЖ мен сандық техналогияларды қолдану арқылы жерді картографиялау; мемлекеттік жер кадастрының кіріспесі мен ЖК КАЖ; мониторинг, жерді қолданудың мемлекеттік бақылауы мен қорғауы; жер - бағалау жұмыстарының жүргізілуі.

«Кадастр» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі талаптары:

Салалы дайындық кезінде:

  • кәсіпорындар, ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдарына тиісті жұмыс салаларына түрлі деңгейдегі жетекшілерді дайындау;

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде:

  • білім беру ұйымдарындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша тиісті ғылыми пәндерден сабақ беру үшін мамандарды дайындау;
  • ғылыми - ізденіс ұйымдарында жұмыс істеу үшін мамандарды дайындау.

Магистратура оқу бағдарламасының ұзақтылығы:

  • ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде 2 жылды құрайды;
  • салалы дайындық кезінде 1жыл және 1,5 жылды құрайды.

Магистратураның білім беру бағдарламасын бітірген түлекке, «Кадастр» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының магистрлік академиялық дәрежесімен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Магистратура түлектері кәсіби қызметтердің келесі түрлерін орындай алады:

  • жобалық, өндiрiстiк - технологиялық, ұйымдастыру - басқару;
  • ғылыми ізденіс, педагогикалық.

Оқудың тәжірибелік курсын магистранттар кафедраның филиалдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы» департаменті, Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы қорғалуын бақылау басқармасы «Алтай Геосервис» ЖШС өтеді.

Қазақстан Республикасының ЖОО рейтингы бойынша бакалавриаттың 5В090700 «Кадастр» мамандығы  2011 жылдан бастап алдыңғы қатарлы орындарда келе жатыр: 2011, 2012, 2013 ж.  -  I орын, 2014, 2015 ж. - II орын, 2016 ж. – III орындарға ие болды.

2015 жылдың Қазақстан Республикасының ЖОО рейтингы бойынша магистратураның 6М090700 «Кадастр» мамандығы IІ орынға ие болды.

2014 жылы «Кадастр» мамандығы білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстандық Агенттікпен жүзеге асырылатын мамандандырылған аккредитациядан өтті.

2015 жылдың желтоқсан айында 5В090700 - Кадастр, 6М090700 - Кадастр мамандықтары Мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.

2019 жылдың маусым айында 5В090700 - Кадастр мамандығы Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

2020 жылдың мамыр айында 6В07306 – Кадастр және 6В07307 – жерге орналастыру мамандықтарын біріктіру 6В07312 – «Жер кадастры және жерге орналастыру» жаңа білім беру бағдарламасында жүзеге асырылды.