7М07501 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Бағдарламаның өзектілігі

Бұл бағыт өзекті және әлеуетті жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие. Білім беру бағдарламасының мазмұны басқа білім беру бағдарламаларының оқу пәндерінің жиынтығын қайталамайды. Бағдарламаның мазмұны жұмыс берушілердің қажеттіліктерімен тығыз байланысты.

Халықаралық ЖОО-серіктес:

  • Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, РФ

Бизнес-серіктес:

  • ВКф РГП "КазИнСт"
  • АО "БИПЭК АВТО Казахстан"

Оқыту тілдері:

  • Қазақша, орысша

Білім бері бағдарламасының мақсаты:

  • Стандарттау және сертификаттау саласында инновациялық ойлау қабілеті бар, алдыңғы қатарлы технологияларды меңгерген, әлемдік бизнес жағдайына ықпалдасуға және ұлттық және аймақтық нарықтың әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге қабілетті магистрлерді даярлау.

7М07501 «стандарттау және сертификаттау(салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының түлектері келесі қызметтерді атқара алады:   маман, бас маман, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттік органдар бөлімінің бастығы; сапаны бақылау жөніндегі инспектор, сапаны бақылау жөніндегі инспекцияның бастығы, сапа жөніндегі инженер; сапа жөніндегі бас менеджер; сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы; стандарттау жөніндегі техникалық сарапшы; аккредиттеу жөніндегі бағалаушы; кәсіпорында (ұйымда) тиісті бөлімшенің басшысы (Мысалы, стандарттау бөлімі немесе қызметі, сертификаттау бөлімі немесе қызметі, сапа бөлімі немесе қызметі, зертханалар және т. б.); біліктілікті арттыру орталығының басшысы (Техникалық реттеу); жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер; оқу орындарындағы (орта кәсіптік, жоғары) оқытушы.

Кәсіби кызмет объектілері:

Мемлекеттік басқару органдары; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; өнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтарына, өлшеу әдістері мен құралдарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті жүйелеріне, ғылыми, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар.

Білім беру базасы:

Жабдықталған зертханалар: FUTURUM оқу-өндірістік орталығының құрылыс технологиялары мен материалдары зертханасының құрылыс конструкцияларының сапасы мен сенімділігін бақылау секторының материалдық базасы.

 

 

Білім беру бағдарламасының жетекші дәріскерлері:

  • Д.Серікбаев атындағы сәулет,құрылыс және дизайн мектебінің жетекші оқытушылары;
  • Стандарттау,  сертификаттау, сапа менеджменті саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жетекші мамандар.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

Магистранттардың ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланады. Магистранттар СҒЗЖ конкурстарының жүлдегерлері болып табылады.

 

 

Білім беру базасы:

Бағдарламаның білім беру базасы болып оқу корпустары, зертханалар, компютерлік класстар, кітапхана фонды, кәсіпорындардың өндірістік қорлары болып табылады.

Түлектер:

 «Стандарттау және сертификаттау» бағдарламасының түлектері Қазақстан, сондай-ақ Ресей Федерациясы аумағында өте жоғары сұранысқа ие және  жоғары мансаптық өсуі бар.

 

Володина Ирина Юрьевна ООО «ЦИЭС «Безопасность», Санкт-Петербург қ. (РФ)
«Қауіпсіздік» сынау, сараптама және сертификаттау орталығы жауапкершілігі» шектеулі қоғамы «аттракциондар қауіпсіздігі» сертификаттау жөніндегі орган басшысының орынбасары»
Тергенбаева Дамира Алибековна АО «БИПЭК АВТО Казахстан», Өскемен қ.
Сапаны басқару маманы
Мирхат Акбота Мирхатовна ТОО «Усть-Каменогорская ТЭЦ», Өскемен қ.
Менеджменттің интеграцияланған жүйесінің (СМЖ) құжаттанушы-үйлестірушісі)
Даниленко Елена Игоревна ООО «Poyry Rus», Санкт-Петербург қ. (РФ)
Жобаның бас инженерінің орынбасары
Коломийцева Ирина Владимировна ТОО «Казцинк», Риддер қ.
Металлургия бойынша аудит және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамыту бөлімінің жетекші маманы
Мельник Дарья Евгеньевна ТОО «Эмиль», Өскемен қ.
Өнім сапасын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау департаментінің директоры