7M07303 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Бағдарламаның өзектілігі

Бұл бағыт қазіргі және потенциалды жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие. Білім беру бағдарламасының мазмұны басқа бағдарламалардағы оқу пәндері жиынтығын қайталамайды. Бағдарлама мазмұны жұмыс берушілердің сұранысымен тығыз байланысты.

Халықаралық серіктес ЖОО:

  • Новосибирь мемлекеттік архитектура-құрылыс университеті, РФ

Бизнес серіктес:

  • "Ульбатехцентр" ЖШС
  • "ВИАР ВК" ЖШС

Оқу тілдері: орыс, қазақ

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру облысында инновациялық ойлауы бар, заманауи өндірістік индустрияның алдыңғы технологияларын игерген, әлемдік бизнес жағдайларына бейімделуге және ұлттық, аймақтық нарықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қабілетті  магистрлерді дайындау.

7M07303 " Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндірісі" білім беру бағдарламасының түлектері келесі қызметтерді атқара алады: аға-маман, цех басшысы, өндірістік бөлім басшысы, құрылыс лабораториясының басшысы және құрылыс индустриясы кәсіпорнының бас технологы, инженер-технолог, сапа бойынша инженер, ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, оқу орындарында (кәсіби орта, жоғары) оқытушы.

Кәсіби қызмет объектісі:

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын өндіру  зауыттары. Жиналмалы темірбетон зауыттары, керамикалық қабырға материалдары зауыттары, жобалық-конструкторлық ұйымдар. Сынақ зертханалары, орталықтары. Ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, колледждер, лицейлер.

Білім беру базасы:

Зертханалық құрал-жабдықтар: FUTURUM оқу-өндірістік орталығының құрылыс технологиялары мен материалдары зертханасындағы құрылыс конструкциялары сапа контролі және сенімділік секторының материалдық базасы.

 

 

Білім беру бағдарламасының жетекші лекторлары:

  • Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ сәулет, құрылыс және дизайн мектебінің жетекші оқытушылары
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру облысында практикалық жұмыс өтілі бар жетекші мамандар

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері үнемі республикалық және халықаралық маңызы бар баспаларда жарияланады. Магистранттар республикалық маңыздағы НИРС жүлдегерлері.

 

 

Оқыту базасы:

Магистранттарды осы білім беру бағдарламасымен оқыту базалары ретінде оқу корпустары, лабораториялары, компьютерлік класстар, кітапхана қоры, кәсіпорынның өндірістік базалары қызмет етеді.

Аккредитация:

Білім беру бағдарламасы ARQA білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау Тәуелсіз Агенттігімен 5 жылға аккредиттелген.

Түлектер:

"Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру" білім беру бағдарламасының түлектері Қазақстанда ғана емес, Ресейде де сұранысқа ие.

 

Уралбаев Дархан АО «Astana Ceramic», Нур-Султан қ. Технолог
Кайназаров Айдын Нурланович ТОО «Железобетонный комбинат», Өскемен қ. Өндіріс бастығы (бетон өндіру)
Толегенов Самат Ерланулы ТОО «Абк-бетон», Нур-Султан қ. Зертхана бастығы
Мухтаров Дамир Галымулы ГУ «Управление строительства, архитектуры и градостроительства Восточно-Казахстанской области», Өскемен қ. Құрылыс бөлімінің басшысы