7M07309 - Жобалаудағы - BIM технологиялар

B қазіргі заманғы сәулеттік-құрылыстық және технологиялық жобалау сапаны жоғарылатуды ғимараттардың ақпараттық модельдеуін (BIM-Building Information Modeling) пайдалана отырып қамтамасыз етуге болады.

BIM-бұл объектінің көлемді суреті ғана емес, бұл ғимарат немесе құрылыстың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде пайдалануға болатын құрылыс объектісі туралы ақпаратпен бірге жұмыс істеу процестері мен тәсілдері.

BIM-технологияларды қолдану арқылы жобаларды орындау барысында магистрант ауқымды теориялық білім алады, ғимараттардың барлық құрылымдық элементтерін көп сатылы цифрлық жобалаумен, олардың құрылыс технологиясын қоса алғанда, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдермен кәсіби жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Кадрларды даярлау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураның 7M07309 «Жобалаудағы - BIM технологиялар» білім беру бағдарламасының түлектері BIM - технологиялар бойынша мамандар ретінде BIM-менеджер (компания деңгейінде BIM басшысы), BIM-шебер (BIM процестерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін), BIM координатор (жобаның әр түрлі бөлімдерін жобалаушылардың жұмысын ұйымдастыратын) қызметтерін атқара алады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

7M07309  «Жобалаудағы - BIM технологиялар» білім беру бағдарламасының жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хапин А.В.