Студенттерді қолдау орталығы

2018 жылғы қаңтар айынан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде студенттерге қызмет көрсету Орталығы жұмысын атқарады.

СҚКО-ның  құрылу мақсаты – білім алушыларға  сервистік қызметтер көрсету, сондай-ақ,  білім алушылардың бір терезе қағидасы бойынша  сапалы және жылдам қызмет көрсету  және білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсету, соның ішінде "Smart-Университет" аясындағы on-line режимінде.

Жекелеген қызмет көрсету, білім алушыларды ақпараттандыру, өтініш беру, және оның орындалуы туралы жеке кабинет арқылы on-line сервис құрылған.

Студенттерді қолдау орталығынын қызметтердін тізімі:

  • Ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс ұсыну, академиялық демалыстан келу, дербес деректерді өзгерту туралы өтініштерді қабылдау және оларды тіркеу.
  • Академиялық анықтама беру туралы өтінішті қабылдау
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына, военкоматқа тағы -да басқа мекемелерге ұсынуға қажетті анықтама беру (өтінімді on-line режимде беру)
  • Транскрипт беру (өтінімді on-line режимде беру)
  • Жатақханаға орналастыру туралы анықтама қабылдау (өтінімді on-line режимде беру)
  • Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінім беру (өтінімді on-line режимде беру)
  • Магистірлік/дипломдық жұмыстарды плагиатқа тексеруге өтінім беру (өтінімді on-line режимде беру)

Университет студентерді қолдау Орталығынын жұмыс сапасын жақсартуға және сервисты толықтыруға үнемі ұмтылады.

Орталықтын сервисін жетілдіру үшін ұсыныстарды  Г-1-237 кабинетке ұсынуға болады.