Новосибирскі қаласында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов пен НМУ ректоры Михаил Федорукиймен кездесуі өтті. Университеттердің басшылары қос-дипломды білім беру бағдарламалары, аймақтың кәсіпорындарымен бірлескен ғылыми жобалар, ғылыми зерттеулер мен басылымдар саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады. Сондай-ақ,  IT-технологиялар, геология, геофизика, мен материалтану саласындағы құзыреттілікті қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларына қатысу мәселелері қаралды. Өз кезегінде университеттер арасында студенттер мен оқытушылық құрамның академиялық алмасуы жөнінде  келісімге қол жеткізілді.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі