ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов жұмыс сапарымен Новосібір қаласында. Сапар барысында университет басшысы медицина импланттарын өндіру тәжірибесін зерделеу үшін Инновациялық Медициналық Технологиялар Орталығына (Медициналық Технологиялық парк) жолықты. Естеріңізге сала кетейік, Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ өңірдің ірі кәсіпорындарымен бірлесе отырып бірқатар ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, университет ғалымдары тантал өнімдерін одан әрі медицина саласында пайдалану үшін өндіру технологиясын әзірледі.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі