Қазақстан Республикасындағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Sur Place Стипендиясына тағайындау байқауының нәтижелері жарияланды.

Байқаудың қортындысының нәтижесінде, Ақпараттық технологиялар факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының  «Экономика» мамандығының  4 курс студенті Дүйсенбекова Әйгерім 300 кандидаттардың арасында таңдалған 32 жаңа стипендиаттардың бірі болды. Бағдарламаның старты шеңберінде Әйгерім алғашқы «Германиядағы парламентаризм және Қазақстандағы экономикалық трансформация әлеуметтік нарықтық экономиканы дамыту үшін қажетті шарт ретінде» атты ірі семинарға шақырылды. Семинар 2017 жылдың сәуір айының 21-23 аралықтарында Алматы қаласында (Бүкіләлемдік бокс академиясының базасы «Ақ бұлақ» тау курортында) болды.

Семинар барысында жаңа стипендианттарға Конрад Аденауэр атындағы Қордың стипендия – грантын тағайындау туралы сертификаттарын ұсынды.

Айгерімді осы стипендияны иеленуімен құттықтаймыз, сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

«Экономика және менеджмент» кафедрасы