Өскемен қаласы әкімдігінің« «Ульба» әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры атына Алғыс хат жіберді.

Хатта орталық ұжымы мен мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналары, орталық басшылығына университетке мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мен оңалту процесінде қатысқаны үшін шынайы алғысын білдірді.

«Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ барлық ұжымына және Сізге студенттерде мейірімділік пен қайырымдылық сезімін қалыптастырғандарыңыз үшін және мүмкіндігі шектеулі балалар өміріне араласуға ниет танытып қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз» - делінген хатта.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі