ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне барып көру менде ұмытылмас керемет әсер қалдырды.  Әрбір бес қадам сайын жаңа нәрсе. Бірегей экспонаттар, 3D фильмдер, инновациялық жобалар. Қазақстандық 8 қабаттан құралған павильонын ерекше атағым келеді. Бұл әлемдегі ең үлкен ғимарат -сфера: диаметр - 80 метр.

Павильонның әрбір қабаты өз тақырыбына арналған. Мұнда космос энергиясы, күн энергиясы, кинетикалық энергиясы туралы және  басқада мәліметтер алуға болады. Жетінші қабат ауалық емес кеңістікпен байланысты космос энергиясы, әртүрлі жобалар, артефактілер мен өнімдер туралы ақпарат береді.  Сегізінші қабат энергетиканың энергетиканың жоғары жетістігіне арналған.

Сонымен қатар, Германияның, Австрияның және Россияның павильондары өте жақсы есімде сақталынып қалды.

Университет басшылығына ЭКСПО-ға барып қайтуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс айтқым келеді.

Дания Дубай, ШҚМТУ құрылыс кафедрасының оқытушысы