Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ қабырғасында Назарбаев Университеті тәжірибесін зерттеу жөнінде университетіміздің оқытушылық құрамына арналған семинар өткізілді. Аталмыш семинарда интернационализацияландыру жөніндегі проректор және бөлім басшысы Талант Рыспаев, академиялық қызмет басқармасының басшысы Гаухар Тәжібаева, сондай-ақ қаржы-экономикалық бөлім басшысы Лимара Молдашева өздерінің Назарбаев Университетіндегі іс-сапарларынан алған әсерлері мен астаналық әріптестерінің халықаралық ынтымақтастық, академиялық және каржылық қызметтер аясындағы іс-тәжірибелерін таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы айдың басында Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ өкілдері  Назарбаев Университетіне іс-сапармен жолығып, академиялық қызметте, ғылыми жобалар мен бағдарламаларда, халықаралық ынтымақтастықта және интернационалдандыруда, адам ресурстарын басқаруда, қаржы-шаруашылық қызметінде (KPI жүйесі және т.б.) және университет автономиясы сұрақтары төңірегінде тәжірибе жинақтады.

ШҚМТУ Баспасөз қызметі