Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-да университетіміздің 60 жылдығына, сондай-ақ  еңбегі сіңген құрылысшы, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің Халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,  профессор Серік Кусябгалиевтың 80 жылдық мерейтойына арналған магистрлік оқулар өтті. Бұл іс-шараның барысында, «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының 30 магистранты өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Қатысушылар алдында Сәулет және құрылыс факультетінің деканы Хапин Александр, Құрылыс кафедрасының жетекшісі Махиев Бекболат, сондай-ақ Серік Гафаровичпен қатарлас қызмет еткен қанаттас әріптестері сөз сөйледі.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі