Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде отандық автопром үшін дайындалып отырған инженерлер тобының алғашқысы магистрлік диссертацияларын «Азия Авто Казахстан» АҚ заводының өндірістік аумағында қорғайды. 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Машина құрастыру», «Металлургия», «Құрылыс» , «Геология» , «Жылу энергетикасы»  сияқты бағыттары бойынша бәсекегеқабілетті инженерлерді даярлауда ЖОО-ның арасында базалық топқа кіріп отыр..  

- Білім бағдарламалары инновациялық мазмұнға ие және тәжірибелік-бағдарланған болып табылады, - дейді оқу ісі жөніндегі проректор  Николай Линок. Дәрістер мен зертханалық жұмыстар  университет қабырғасында, сонымен қатар кәсіпорында  да орындалды. – Қазір біз 309 магистрант даярлап отырмыз, олар алдағы уақытта аймақтың және еліміздің кәсіпорындарына жұмыс жасайтын болады. Магистерлік диссертациялар тақырыбы кәсіпорындардың өндірістік тапшылығы негізінде олардың тапсырысы бойынша алынды. Яғни , тақырыптар кәсіпорындар бағыттарына қажетті болып табылады. Барлығына белгілі, «АЗИЯ АВТО Казахстан»  толық циклді заводы салынуда.  Осыған орай, кадр қажеттілігі артады деп ойлаймыз. Біз өндірістің нақты саласына байланысты мамандарды даярлауға тырысамыз.

Диссертациялық тақырыптардың көбісі отандық автопромның негізгі бөлімдерін қамтыды. Мысалы, газдық жылуды қолдануда энергетикалық орнатылымдардың тиімділігін зерттеу, артқы құрылғылардың адаптерін жасаумен технологиялық құылғылар мен Азия Авто АҚ құрастыру аймақтарының жарақтарының кешендерінің жүргізілуі, төзімді жабындарды қолдану негізінде автомобилдердің  ішпектердің ресурсын жоғарылату.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі