ШҚМТУ «Жұмыспен қамту секторы» ұйымдастырған «ТЕХНИКАЛЫҚ саласындағы мансапты жоспарлау және дамыту» апталығы жалғасуда. Бүгінгі күні семинарлар, тренингтер және мастер-класстар өткізілді.

Аталмыш іс-шаралардың жалпы мазмұнын «Медиация негіздері», «Жұмыс іздеу технологиясы» және «Сұхбат үстіндегі өзін-өзі басқару» тақырыптары бойынша өткізілген семинарлар мен тренингтер құрады.

Іс-шара тренерлері осындай оқыту әдістерін өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Университеттің үшінші курс студенттері үшін орыс және қазақ тілдерінде семинарлар, мастер-кластар және тренингтер өткізілетінін атап өткен жөн.