Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Тәрбие жұмысы

Оқу жылдың бірінші күннен бастап «Серпін-2050» бағдараламасына қатысушылар Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады. Білім күіне арналған салтанатты іс-шарада университетте «Серпін» бағдарламасымен оқып жүрген студенттердің атынан инженеррия факультетінің 15-МСК-1 тобының студенті Аяна Абиева сөйледі.

Оқу жылдың басында Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасымен «Серпін» бағдарламасымен оқып жүрген студенттерге университеттің жұмыс бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. 

Жобаға қатысушыларды біріктіру және бір-бірімен таныстыру, бағдарламаның аралық нәтижелерін анықтау, достық қарым-қатынасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, дарынды жастарды патриоттық және азаматтық белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын уағыздау және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Серпін-2050: Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» жобасы қатысушыларының арасында «Сардар» студенттік ұйымы құрылды. Үстіміздегі жылдың 19 қазанда «Сардар» студенттік ұйымы көшбасшысының сайлауы өткізілді. Аталған лауазымға ие болуға үміткерлер ретінде келесі студенттер өздерінің өтінімдерін берді: Алмаз Джакишев (ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті, 15-ТФК-1 тобы), Аяна Абиева (инженерия факультеті, 15-МСК-1 тобы) және Мұса Сақтапберген (жер туралы ғылымдар факультеті, 15-ГТК-5 тобы). Әр «Сардар» болуға үміткер өздерінің сайлау алды бағдарламаларын дайындады. Бағдарламалар келесі критерийлерге жауап берді: сайланған жағдайда студенттік өмірге өзгерістер енгізетіндігі жайлы ұсыныстары, жасалатын іс-шаралардың мазмұны және мерзімдері, «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жатқан жастарды біріктіретін идеялары және студенттердің сабақтан бос уақытта патриоттық тәрбиеге баулыйтын ұсыныстары. Сайлау күні «Серпін-2050» жобасы қатысушылары өз дауыстарын сайлау парақтары арқылы берді. Сайлау комиссиясы сайлау үрдісі біткеннен кейін, барлық дауыстарды санап, сайлау нәтижелерін анықтады. 73,8% сайлаушылардың дауыстарын жинап, «Сардар» студенттік ұйымы төрайымы ретінде инженерия факультетінің 1 курс студенті Аяна Абиева жарияланды. Басқа үміткерлер, Алмаз Джакишев пен Мұса Сақтапберген 13,1%-тен сайлауға қатысушылардың дауыстарын жинап, екінші және үшінші орындарына ие болды.

«Серпін» бағдарламасымен оқып жүрген студенттер университеттің шығармашылық клубтарының жұмысында белсенді түрде қатысады: «Жас қаламгер» ақындар клубы, аспапатық ансамблі, Талант пресс-клубы.

 

Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында Өскемен қаласының ішкі істер басқармасының қызметкердерімен кездесулер өткізілді. Діни экстремизм және терроризмді алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының діни істер басқармасының қызметкердерімен кездесулер өткізілді.

«Қалын қалай, студент?» акциясының аясында «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен жатақханаларда студенттермен кездесулер өткізілді. Акцияға ішкі істер басқармасының Үлбі полициясының бөлімінің бастығының орынбасары Мейрмагуль Ким шақырылды. 

«Серпін» бағдарламасының студенттері университеттік, қалалық және облыстық іс-шараларда белсенді түрде қатысады. «Жастар-Отанға!» партиялық жобасының аясында «Серпін» бағдарламасының студенттері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысты.

«Серпін» бағдарламасының студенттері Өскемен қаласының қатысуымен санитарлық акциясына қатысты. 

«Серпін» бағдарламасының студенттері «Ақ тілекпен, Елбасыға» акциясына қатысты.

2015 жылдың 25 қарашада «Серпін» бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әйелдің жүрегі - Әлемнің тірегі» әйелдер Форумына қатысты.

 

 

 

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Серпін» бағдарламасының студенттері қатысуымен кураторлық сағат өткізілді.