Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

serpin42014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аталмыш жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді. 

Бағдарлама мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.

«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сапалы білім алу үшін өз студенттеріне барлық жағдайды жасаған. Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар мен электрондық оқулықтардан тұратын заманауи кітапхана, бірнеше спорт залдары, ғылыми зертханалар, тұрмысқа қолайлы студенттер үйі, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар. 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол- жарқын болашағыңа сенімді жолдама! 

Университет мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Д.Серікбаев көшесі, 19. Тел: 8(7232) 54-03-54, 54-13-09, 54-02-85. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сайты: www.ektu.kz, E-mail: odp@ektu.kz

 

serpin1 serpin2 serpin3