Ақпараттық-шығармашылық бөлім

Ақпараттық-шығармашылық бөлімі – бүгінде белсенді шығармашылығымен өмір сүретін әр түрлі жанрды және бағыттарды қамтитын, шығармашылық ұжымдарды топтастырған кең ауқымды бөлім.

1. Хореографиялық ұжымдар:

  • «Экстази» шоу балеті
  • «Шармель» шоу-тобы
  •  «Тарлан»  хореографиялық ұжымы
  • «Ювента» хореографиялық ұжымы

Жетекшісі-хореограф Качесов Максим Анатольевич

2. Вокалды-эстрадалық студия

  • эстрадные  исполнители

Көркемдік жетекшісі Сағдолдин Дарын Акрамханұлы

3. Аспапты ансамблдер

  • Домбыралық ансамбль

Көркемдік жетекшісі Сағдолдин Дарын Акрамханұлы

4. КТК құрама команда

  • ШҚМТУ «Realiti.kz» құрама командасы

Команда капитаны – Абдрасуллин Руслан

5. «Серпін» ақындар клубы

6. «Арна» студенттік телеарнасының шығармашылық ұжымы

Жетекшісі Құмарханова Арай Қумарханқызы

Хореографиялық ұжымдар

ExtazyTarlanУниверситетте 4 хореографиялық ұжымдар қызмет атқарады: Экстази» шоу балеті, «Шармель» шоу-тобы, «Тарлан» хореографиялық ұжымы, «Ювента» хореографиялық ұжымы.

Университет ішінде, қалалық және облыстық шараларда көрсетіліп жүрген  ұжымның репертуары бір жылда 30 жуық қойылымдармен толықтырылады.

2001 жылы құрылған ШҚМТУ мақтанышы «Экстази» шоу-балеті. Жыл сайын шоу-балет ұжымына байқау негізінде студенттер қабылданады.

«Экстази» Елбасының қатысуымен бірнеше мерекелік шараларда өнер көрсетті.

Университеттің бірде бір іс шарасы осы ұжымсыз өтпейді. Жыл сайын мамыр айында «Экстази» өзінің жеке концертін береді.

SharmelЮвента2006 жылы халықаралық Дельфий ойындарында қола медалін және республикалық Дельфий ойындарында алтын медалін иеленді. Сонымен қатар «Экстази» шоу балетінің қалалық, республикалық және халықаралық фестивальдар мен байқауларда тек қана жүлделі орындарға ие болған көптеген марапаттау қағаздары мен дипломдары бар.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТМУ-ға Қытайдан, Польшадан, Моңғолиядан, Үндістаннан келген делегация қонақтары шоу-балеттің орындаушылық шеберлігіне және қойылымның жандылығына үлкен баға беріп кетті.

Вокалды-эстрадалық студия туралы

вокалистыЖыл бойы вокалды-эстрадалық студияда вокалды аншілермен дайындық өтеді. Вокалды студияның репертуары жан-жақты жанрды иемденді. Студенттермен әр түрлі (ағылшын, корея, итальян) тілдерде туындылар орындалды. Студенттер Абайдың шығармашылығына арналған іс шараға шын ниетпен қатысты.  Бұл шарада студенттер Ұлы Абайдың туындыларын орындап, өздерінің білімділігін арттырып, сәйкесінше мәдениеттің рухани деңгейін жоғарлатты. Ансамбльдің жеке әншілерінің жеке орындаушылық шеберлігі жоғарылап келе жатыр және де вокалды конкурстарға қатысып, биік марапаттауларға лайық.

Домбыралық ансамбль туралы

Ансамбль домбристовУниверситетте домбыралық ансамбльдің құрылғанына 3 жыл болды.  Оған университеттің 12 дарынды студенттері кірді. Ансамбль құрамының музыкалық білімі болмаса да, жыл сайын орындаушылық шеберлігі артуда. Студенттер музыкалық жанрлармен, қазақ халқының музыкалық салт дәстүрімен, үздік сазгерлердің шығармашылығымен және олардың туындыларымен үлкен қызығушылықпен танысуда.

Ансамбль бірнеше рет "Студент көктемі" атты қалалық фестивальға қатысты. Домбырашылар ансамблінің студенттері ҚР Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен өткен «Қош келдің, Әз Наурыз!»  атты қалалық мерекесінің үлкен, жиынтық оркестрінде қатысты.

 

«REALITI.KZ» ШҚМТУ КТК құрама командасы

Команда КВН«REALITI.KZ» ШҚМТУ КТК құрама командасы – аймақаралық, қалалық фестивалдер мен байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Біздің құрамамызды тек қалаға ғана емес, сонымен қатар республиканың аумағына да танымал. Олар өздерінің бірінші ойындарынан-ақ өз өздерін жоғары деңгейде танымал етіп көрсете бастады.

  • «REALITI.KZ» А.В.Масляковтың қолдауымен өткен аймақаралық «Астана»  КТК-ның финалына шықты
  • Павлодар қ. «Иртыш» аймақтық лиганың финалына шықты
  • «НұрОтан» КТК-нің кубогының иегері, Өскемен қаласы  
  • КТК ШҚМТУ «Realiti KZ» құрама командасы Өскемен қаласындағы КТК жоғарғы лигасының ұйымдатырушысы

ШҚМТУ студенттері  барлық күш жігерін жұмсап, университеттің мәртебесін көтеруге әзір.

«Серпін» ақындық ұйымы

поэтический клубЖас ақындар, ШҚМТУ-нің студенттері 2010 жылы ақпараттық-шығармашылық бөлімінің бастығы Құмарханова Арайдың қолдауымен және ұйымдастыруымен бірлесіп бір үйірме ашуды шешті.  Өздерінің жарғысы, елтаңбасы болғанын және  өздерінің шеберлілігін арттыру үшін мәжіліс өткізуді қалады. Жас ақындарға өздерінің өлеңдерінің қиыстары мен ырғақтарының тереңірек құрылуына үңіліп, өздеріңнің өлеңдеріне сын көзбен қарауына мәжіліс құрылымы көмектесті.

Үйірме ай сайын әдеби-поэзиялық "Поэзия, менімен егіз бе едің?»  атты бағдарламаға түсірілім жүргізеді. Бағдарламаның жүргізушісі - сәулет-құрылыстық факультеттің студенті Өмірханқызы Нұргүл болып табылады.

 «Арна» телеарнасы туралы

телестудия АрнаУниверситеттің «Арна» атты студенттік телеарнасы 2010 жылдың 18 қаңтарынан бастап қашылды. Оның құрамына режиссер, оператор және студенттер кіреді.

Телеарнаның шығармашылық ұжымы жаңалықтар блогын, тематикалық репортаждар, сюжеттер, роликтер дайындап, университеттің мерекелік іс шараларына бейне түсірілім жасайды.

«Арна» студенттік телеарнасының қызметінің негізгі бағыттары:

  • университеттің студенттері мен қызметкерлерін университет өмірінің оқиғалары мен іс шаралары туралы құлағдар ету;
  • Ақпараттық және көңіл көтеру теледидарлық бағдарлама дайындау

Студент-тележурналисттер (15 студент) төмендегідей телебағдарламаларды жүзеге асырды:

  • «Апта айдары», «Обзор недели» - Естаева А., Ахметвалиева З.
  • «Объектив» (студиялық бағдарлама)- Утегенова М, Мухамеджанов Е.
  • Ток-шоу «Жастар жанары» - Есенова А., Муздапаров М.
  • Актуальный репортаж «Студент қалай өмір сүресің» - Тунгушбаева Г. Сабикенова Н.
  • Құттықтау бағдарламасы «Шын жүректен!» - Амангельдина А. СулейменоваА.
  • Әдеби-ақындық бағдарлама  «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» - Өмірханқызы Н.
  • Күлкі керуен бағдарламасы – Разхан Ш., Ахметова Д., Қасымжанов А.

Студенттік телеарнаның құрылуы жоғарғы оқу орынның мәртебесін биікке көтеріп, студенттердің журналистика бағытында өзін өзі дамытуда үлкен мүмкіндік береді.