Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Халықаралық ұйымдардағы мүшелiлік

Халықаралық ынтымақтастық бөлiмі Д.Серiкбаев атындағы ШҚМТУін халықаралық ынтымақтастық жоспары шеңберлерiнде шетел серiктестерiмен сыртқы байланыстарды анықтау және дамыту бойынша кешенді ұйымдастыру-техникалық атқарымдарды орындайды.

ШҚМТУ әлемнің жиырмадан астам елдерінің 74-астам ЖООмен және шетел серiктестермен ынтымақтастығын нығайтуда. Бугінгі күні ЖООда IGIP – инженерлік педагогиканың Халықаралық қоғамы, IFEES - инженерлiк бiлiм кауымының Халықаралық федерациясы, IAESTE - техникалық ЖООдың студенттерiнiң тәжiрибелермен және сынау мерзiмдерiмен айырбастау бойынша Халықаралық қауымдастық және де басқа ұйымдар сияқты халықаралық ұйымдардың өкiлдiктері жұмыс iстеуде.

Университетте бірлескен бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда: MBA – «Инновациялық кәсіпкерлік» мамандандыруы (серіктес – Хосео университеті, Оңтүстік Корея); PhD докторантура: техникалық физика (серіктес Отто фон Гуерике университеті, Германия), ақпараттық жүйелер (серіктес Миннесота университеті, АҚШ), геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау (серіктес Жаратылыстану тарихы мұражайы, Ұлыбритания), металлургия (серіктес Клаусталь университеті, Германия), логистика (серіктес Гамбург-Харбург техникалық университеті, Германия). ШҚМТУ Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) университетінің «IT технологиялары» мамандығы бойынша Қазақстандағы негізгі ЖОО болып табылады. Еуроодақтың бағдарламалары бойынша жұмыс ойдағыдай iске асылып жатыр: ТЕМПУС жобалары «Университеттерді стратегиялық басқару институты» (2011-2013 ж.ж., үйлестіруші – Каталуния Политехникалық университеті, Испания), «Студенттiк өзiн-өзi басқару және Қазақстандағы демократиялық үдерістерi» (2011-2012 ж.ж., үйлестіруші - Халықаралық бизнес университетi); ЭРАЗМУС МУНДУС (2010 - 2014 ж.ж.) "Mobility Academic Network between EU and Central Asia" – MANECA, үйлестіруші Берлин техникалық университетi, Германия.

Жоғары технологиялар аймағын дамыту шеңберінде Халықаралық серіктестік белсенді іске асырылып жатыр. ШҚМТУ-да Қазақстан-Жапония нанотехнологиялар және электрондық микроскопия бойынша оқу-ғылыми-зерттеу сервис орталығы жұмыс істейді Micromine Pty Ltd (Австралия) компаниясымен бірлесіп мамандар кен өндіру саласы үшін жаңа ақпараттық технологиялар бойынша дайындығы жүргізіліп жатыр. Вроцлав университеті (Польша), Мәскеу болат және қорытпалар институты (Ресей), Миннесота Университеті (АҚШ) және басқалармен бірлесіп бакалаврларды, магистрлерді оқыту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Халықаралық қызметті мойындау аймақтағы бірден бір Еуропа Бұрышын ашу болды.

DAAD, ACCELS, IREX, Қазақстан республикасындағы Британия Кеңесі, білім беру орталығы «Бiлiм - Орталық Азия» Халықаралық алмасу бағдарламалары студенттердің, оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің мобильдігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетел ғалымдары мен кеңесшілерін тарту» бағдарламасы шеңберінде ШҚМТУ-да шетел мамандары магистрантар мен Phd докторантарға дайындық сабақтарын жүргізіп, дәрістер оқиды, сондай-ақ бірлескен ғылыми жұмыстарға қатысады. 2011 жылы университетке 64 шетел мамандары келді, олардың ішінде 31 - алыс шетел өкілдері (Хосео Университеті, Корея; Отто фон Гуерике атындағы Магдебург университетінің Материалтану және біріктіру технологиялары институты, Германия; Миннесота Университетінің Свенсон Технологиялық колледжі, АҚШ; Мюнхен техникалық университеті, Германия; Акита Университеті, Жапония; Сан Паоло Университеті, Бразилия) және 33 – таяу шетел өкілдері (Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті, Мәскеу таңдамалы химия технологиялары институты, Мәскеу болат және қоорытпалар институты, Запорожье мемлекеттік академиясы, Қазан Федералдық университеті).

 

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктері

 

IGIPҚазақстан Ұлттық Мониторинг Комитеті – Қазақстан Республикасындағы Халықаралық инженерлік педагогика қоғамның (IGIP) уәкілетті

 

 

 

 

IFEES

 

Халықаралық инженерлік білім қоғамдарының федерациясы (IFEES)

 

 

 

 

 

IAESTE

 

Халықаралық техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің сынақ мерзімінен өтуі алмасу жөніндегі қауымдастығы (IAESTE)

 

 

 

IITE

 

ЮНЕСКО білім берудегі ақпараттық технологиялар институты IITЕ

 

 

 

CEIS

 

Еуропалық мониторинг және стратегиялық консалтинг компаниясы (CEIS)

 

 

 

 

ENAEE

 

ENAEE – Еуропалық инженерлік білімді аккредитациялау желісі

 

 

 

 

 

GEDC

GEDC – Халықаралық инженерлік жоғары оқу орындарын декандары мен басшыларының кеңесі.

 

 

 

KazSEE құрылымында қазақстандық тәуелсіз инженерия және технология саласындағы оқу бағдарламаларын аккредитациялау орталығы құрылды

 

Халықаралық жобалар және алмасу бағдарламалары

EM

 

 

 

 ERASMUS MUNDUS

 

 

 

 

 

DAADГермания академиялық алмасу қызметі DAAD

 

 

 

Muskie

 

Эдмунд Маски шәкіртақылары (Muskie)

 

 

 

 

IAESTE

 

Халықаралық техникалық ЖОО студенттерінің іс-тәжирибеден және сынақ мерзімінен өту бойынша алмасу жөніндегі қауымдастығы IAESTE

 

 

 

 

IREX

 

 

Американдық Халықаралық зерттеулер кеңесі (IREX)

 

 

 

 

BCҚазақстандағы Британия Кеңесі BRITISH COUNCIL

 

 

 

UGRAD

 

Халықаралық студенттік алмасы бағдарламасы UGRAD