Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Болон үдерісі

2010 жылғы науырыз айында  Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім  мен ғылымның ұлтаралық қатынасы жолында өте маңызды кадам болды.

Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол-жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен  профессор-оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі – жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық қатынасы әлемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон декларациясының мүшесі  және  еуропалық білім беру кеңістігіне толық құқықты қатысушы болған тұңғыш мемлекет болып табылады. Болон үдерісіне қосылғаннан кейін, қатысушы елдер оның негізгі қағидаларын  орындау міндеттемелерін қабылдады.

2010 жылғы қыркүйек айында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Болон декларациясының қатысушы университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойды.
ШҚМТУ-дің халықаралық ынтымақтастығы университеттің халықаралық білім және ғылым  интеграциясының ажырамас бөлігі болып табылады.
Болон үдерісінің негізгі қағидалары.

Міндетті қағидалар Еуропалық жоғары білім  аймағын құру және еуропалық жоғары білім жүйесін әлемге тарату үшін    аса маңызды деп қарастырылады.

Болон үдерісінің міндетті қағидалары:

  • Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;
  • ECTS академмиялық несиелер;
  • Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;
  • Дипломға берілген еуропалық қосымша;
  • Жоғары білімнің сапасын бақылау;
  • Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.


Ұсынымдық шамалардың ұсынымдық сипаты бар және де Болон үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады.

Болон үдерісінің ұсынымдық қағидаларына:

  • Біртұтас еуропалық бағалаулар;
  • Студенттердің белсенді қатысуы;
  • Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;
  • Өмір бойы білім алу.

Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің  мүдделері және  қоғам талаптарын есепке алынып  оқу үдерісін  жоспарлауда және ұйымдастыруда аса маңызды болып келеді.

Болон үдерісінің факультативтік қағидаларын:

  • Дайындау бығыттары бойынша білім беру  мазмұнын үндестіру;
  • Студентердің дәстүрлі емес оқу траекториясы, таңдау бойынша курстар;
  • Модульдік жүйе;
  • Қашықтықтан оқыту, электрондық курстар;
  • Оқытушылар мен  студенттердің академиялық рейтингтері.