Жобаларды БИ-ға тапсыру талаптары
Жіберілген жобалардың ішкі сараптамасы үш сатыдан тұрады:
- БИ менеджерлеріне жобаны қарастыруға және кемшіліктерін толықтыруға арналған ұсынысын алу үшін тапсырыс беру сатысы (алдын-ала сараптама);
- Жобаны Студенттік ғылыми-техникалық кеңесте қарау сатысы (тәуелсіз сараптама);
- Жобаны Бақылау кеңесінде қарау сатысы
Тапсырыс беру сатысы алдында ҒЗЖ Орталығының қызметкерлері, инновациялық даму және университетті коммерциялау Орталығы және бизнес инкубатор менеджерлері Шығыс аймағы мен республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарында маркетингілік зерттеу жасап, тұтыну мәліметтерінің қорын жасайды.
Бірінші сатысында тапсырыстар СТЗБ менеджерлерінен құрылған сайыстық комиссияға келіп түседі, олар тапсырыстарды тіркеп, оларды алдын-ала қарастырып, кемшіліктерін толықтыруға арналған ұсыныс береді. Сайыстық комиссия соңғы қарастыру жұмысынан кейін өз қорытындысын шығарып, университеттік студенттік ғылыми-техникалық кеңесіне қорытынды шығаруға тапсырыстар жібереді.
СТЗБ құрамына төраға, хатшы, факультеттердің (бір жетекші оқытушы мен бір студент) өкілдері, «Алтай Технопаркінің, университеттің бас ғалымдары мен мамандары кіреді. Кеңестің міндетті мүшесі болып ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, ғылым және инновация жөніндегі проректор, ҒЗЖ орталығының директоры, СТҒБ директоры, ғылым жөніндегі декандардың орынбасарлары саналады.
СТҒБ шешімі бойынша тапсырыс толықтырылуға жіберіледі немесе Ұлттық инновациалық қордың сайыс жұмыстары бөліміне сайысқа қатысу үшін ұсынылады. Осылай тәуелсіз сараптама жасалады.
Жобаны коммерциялау үшін болашақ өнімге тапсырыс берушіні СТҒБ-ға шақыру жоспарланады. Олар осы жобаның жүзеге асырылуына қызығушылық білдіретін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қорлардың, әртүрлі ұйымдардың өкілдері болуы мүмкін. Осы жобаларды бірге қаржыландыру туралы шешім қабылданған кезде олардың ұсыныстарының үлкен маңызы бар.
Ішкі сараптама сатысындағы инновациялық жобаларды сайыстық іріктеу критерилері:
- автордың бизнес-ұсыныстары болуы (зерттемелер, ноу-хау) немесе бизнес-жобаның зерттемеге негіздемесі болуы (арнайы техникалық салада нарық талабындағы жеке құзыреттілігі);
- өндірісте қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін беруді қамтамасыз етуші тәжірибелі-конструкторлық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған бағыт;
- Қазақстан Республикасының индустриалды инновациалық дамуына және инновациалық қорлардың инвестициалық саясатының басым бағыттарына сәйкестігі;
- ұшқыр және жүйе жасаушы технологиялар құрастыру;
- ұсынылып отырған жобаның экономика жағынан ұтымдылығы және техника жағынан орындалуы;
- жобаның жаңа бәсекелестікке қабілетті жоғары қосымша бағасы бар ғылыми өнім шығару бағыты бар;
- шығарылатын өнімге жеке тапсырыс жасаушысы болуы;
- жобаның жүзеге асырылу мүмкіндігі бар патенттілікке қабілеттілігі;
- жобаның қауіпсіздігі және экологиялылығы;
- жобаның әлеуметтік маңыздылығы.