2011жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетел ғалымдар мен кеңесшілерін тарту
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылы «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетел ғалымдар мен кеңесшілерін тарту» бағдарламасын іске асыру үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 80 млн тенге бөлді.
Бағдарламаның шартына сәйкес ғалымдардың сапар шегу мақсаты: магистранттар мен Phd докторанттарға дайындық сабақтарыy өткізу және дәрістер оқу; Phd докторанттарының диссертациялық жұмыстарын басқару, инженерлік зертханаларда өткізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу. Сонымен қатар шетелден келген ғалым-консультанттар ШҚМТУ қосымша студенттеріне дәрістер оқыды және оқытушыларға арналған курстарды өткізді.
Университеттің серіктестес байланыстарының географиясы осы бағдарламаның арқасында елеулі түрде кеңейе түсті.
Бағдарламаны іске асыру кезінде төмендегі оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім-шарттар және келісімдер жасалды:
- П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті, Омбы қаласы, Ресей
- Тынық мұхит мемлекеттік университеті, Хабаровск қаласы, РФ
- Алтай мемлекеттік университеті, Барнауыл қаласы, РФ
- Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті, Санкт-Петербор қаласы, РФ
- Волгоград мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, РФ
- Берлин қолданбалы ғылымдар университеті, Берлин қаласы, Германия
- Обуда университеті, Будапешт қаласы, Венгрия
- Акита Университеті, Жапония
- Штутгарт университеті, Германия
Осы бағдарлама шеңберінде 2011 жылғы қаңтар айынан бастап 63 ғалым университетке келген болатын; соның ішінде 31 – алыс шетелдің, 32 – таяу шетелдің өкілдері.
Жыл қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың 62231,6 млн. теңге пайдалынылды, бұл 80 млн. теңгенің 77,79% құрайды. Бұл сомаға шақырылған шетел ғалымдарының келіп-қайту жолы, Өскемен қаласында тұру және атқарған жұмыстар төлемақысы, сондай-ақ визаны рәсімдеу сияқты ілеспелі шығындары кіреді.
Шетел мамандарын шақыру барысында оқыту сипаты өзгерді: құзыреттілік тәсілге бағдарланған білім сапасына көп мән беріліп бастады, студенттердің тілдерді білу дайындығына көп көңіл бөліне бастады. (Құзыреттілік тәсіл – бұл білім беру мақсатын нақтылаудың, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім беру үдерісін ұйымдастырудың және білім беру нәтижелерін бағалаудың жалпы қағидаларының жиынтығы). Университеттiң профессор-оқытушылар құрамы да тілдерді зерделеуде белсенділік білдірді.
ШҚМТУ профессор-оқытушылар құрамының және бірге шақырылған дәріскерлердің бірлескен жұмысы нәтижелері бойынша 3 тілде (ағылшын, қазақ, орыс) оқу-әдiстемелiк әдебиеттiң топтамасы басып шығарылды. 2012 жылғы 12 қаңтарына дейін 16 әдебиет атауы шығарылды: «Аквальные залежи газогидратов: геология и освоение» (авторларыы А.Е. Воробьев, А.Б. Болатова); «Технология высокопроизводственного абразивного инструмента» (авторлары В.М. Шумячер, Н.А. Куленова, З.В. Шерегеда, А.Е. Жумаканов); «Вводный курс теории алгоритмов» (авторлары А.С.Морозов, Н.Г.Хисамиев), және т.б.. 14 оқу-әдістемелік құрал баспада жариялануға әзірленуде.
Сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда, соның ішінде импакт-факторы нольден жоғары халықаралық ғылыми басылымдарда мақалаларды бірлесіп жариялау жоспарлануда Thomson Reuters компаниясы ақпараттық базасының немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін мәліметтер бойынша.
2011жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетел ғалымдар мен кеңесшілерін тарту(.ppt, 48,9Mб)