Инженерлік кәсіпкерлік

«Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасы «Экономика және менеджмент» кафедрасының негізінде 2017 жылдың маусымында құрылған. Кадрларды даярлау қазіргі заманғы екі сатылы «бакалавриат-магистратура» білім беру үлгісінің екі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:

  • 5В050600 «Экономика» (бакалавриат);
  • 6М050600 «Экономика» (магистратура).

Сондай-ақ, техникалық мамандықтарының студенттері үшін экономикалық цикл пәндері оқытылады.

Кафедра миссиясы – отандық және халықаралық еңбек нарығында экономика саласындағы шығармашылық және инновациялық-ойлайтын, өз білімін және дағдыларын жүзеге асыра білетін бәсекеге қабілетті бакалаврлар мен магистрлардың кәсіби құзыреттілігін және жеке қасиеттерін қалыптастыру негізінде:

  • білім беру үрдісін тұрақты жаңғырту;
  • прогрессивті технологиялар мен оқу әдістемелерді ендіру;
  • экономика саласында ғылыми ізденісті белсенді жүргізу;
  • шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықты ынталандыру.

2014 жылдың сәуір айында 5В050600 – «Экономика» және 6М050600 – «Экономика» екі білім беру бағдарламасы Білім берудің сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (БСҚТҚА) халықаралық мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.



2014 жылдың қараша айында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен «Мәскеу болат және қорытпа институты» ҰЗТУ арасындағы екі жақты «ШЫҰ Университеті аясында магистрлік білім беру бағдарламаларын желілік нысанда іске асыру туралы Келісім» жасалды. «Инновация экономикасы» бағдарламасы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де оқыту – 1 жыл және МБҚИ -да – 1 жыл, оқу аяқталғаннан кейін екі диплом беріледі.