Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы

Әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы нақтыланған мамандықтар бойынша Қарулы күштерге студенттерді даярлауға арналған материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешенінен тұрады.

Әскери кафедраның материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру қарқынды және жылдық жоспарға негізделеді. Оқу материалдық-техникалық база оқу жоспарлары мен бағдарламалары анықтайтын, барлық сабақтарды өткізуді, студенттердің топтық, әдістемелік және практикалық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және әскери істі жетілдіру және оқытудың жаңа әдістеріне сай келеді.

Әскери кафедраның орналасуы басқа кафедралардан бөлек, алшақ болады және ҚР-ң ҚК-ң жарлықтарына сәйкес өзіндік ішкі тәртіп қалыптастырады. Дәрісханалар, лабароториялар және басқа да оқу бөлмелері техникалық құралдармен, қаруланудың табельді үлгілерімен және әскери техникамен, агрегаттармен, олардың макеттарымен жабдықталған.

Әскери кафедрада бар:

  • аймақтық макеттармен, стендтармен, оқудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу сыныптары мен дәрісханалар – 20;
  • қызметтік және көмекші бөлмелер – 15;
  • 6 бірліктік техникамен жылытылатын бокс-лабороториясы бар парк;
  • 3 бірліктік техникамен жабдықталған бөлме;
  • жөндеу шеберханасы.


Әскери кафедрада оқу бағдарламасына сай әскери техника, қару-жарақ, әскери-техникалық мүлік, автомобильдік және бронетанкылық техникаларды жөндеу, қолдану үшін, оқу үдерісіне қажетті парк-гараждық және лабороториялық құрылғылар бар. Техника жақсы күйде және сабақ барысында оқыту үдерісінде жиы пайдаланылады. Бұл техникалар мен мүліктерді қолдану көмекші қызметкерлердің және сабақ үстінде студенттердің қолымен жүзеге асырылады. Оқу сыныптары мен лабороториялардың мазмұны мен дайындығы үшін, олардың жабдықтарының дұрыс сақталып, қолданылуы үшін әскери кафедра бастығы бекіткен көмекші персонал жауап береді. Сонымен бірге, әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы циклдарға бөлінген. Осы циклдар бойынша кафедрада техникалық құралдарды пайдаланудың түрлі нұсқаулары мен олардың тіркелуі жасалады.