Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі түсті және сирек металлдар алудың әрекеттегі технологияларды жетілдіру және жаңа технологиялар құру, Кенді Алтайдың полиметаллды шикізатын кешенді пайдалануды арттыру проблемаларын қамтиды.
Кафедраның мамандары жұмыс істейтін кейбір технологияларды ғана атап өтуге болады:
- Жоғары маркалы мырыш өндіру технологиясын әзірлеу (жетекшісі – т.ғ.д., профессор Хан Октябрь Александрович).
- Ауадағы күшәла (мышьяк) мен күкіртқұрамдас қоспалардың қауіпті концентрациясын анықтауға арналған аспаптарды – газоанализаторларды әзірлеу (жетекшісі – т.ғ.к., доцент Струнников Сергей Геннадьевич).
- Түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінде күшәла циркуляциясын қысқарту мүмкіндігін зерттеу (жетекшісі – Ван Елена Юрьевна).
- Мыс балқыту зауытындағы мыс өндірісінің техногенді қалдықтарын – қождарын қайта өңдеу (жетекшілері – т.ғ.к. Күленова Наталья Анатольевна және Ван Елена Юрьевна).