Халықаралық ынтымақтастық

Кафедрада 2001 жылдан бастап университеттің ПО құрамының және ШҚО өнеркәсіптік кәсіпорындары қызметкерлерінің ғылыми мақалаларын жариялау мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Кен және металлдар» баспасының көмекші корреспонденттік пункті жұмыс істейді (Москва қ.).

Халықаралық ынтымақтастықтың дамуына көп көңіл бөлінеді. О.А.Ханның төрағалық етуімен Халықаралық ынтымақтастық Кеңесі құрылды, ол ПО құрамының Интернеттен гранттар іздестіру және инвестициялық-инновациялық жобаларға қатысу, ТМД және алыс шетелдердегі оқу және ғылым ұйымдарымен химика-металлургиялық өндіріс аясында ғылыми ынтымақтастақ құру жұмысын үйлестіреді.

Кафедраның Халықаралық ынтымақтастық Кеңесінің құрамы: профессор, т.ғ.д. Б.В.Сырнев, профессор т.ғ.д. Н.М.Комков, доцент, к.т.н. М.З.Тоғызов, доцент, к.т.н. Г.А.Реутова, доцент, к.т.н. С.Г.Струнников, оқытушы, металлургия магистрі Г.А.Көкаева.

Кафедра шетелдік серіктестік саласында нысаналы жоспарлы жұмыс жүргізуде. Жыл сайын білім, ғылым және өндіріс аясында жаңа халықаралық байланыстар құруда.

2008 жылғы сәуір айында университет өкілдері: тау-кен металлургиялық факультеттің деканы А.Қ.Адрышев, «Химия, металлургия және байыту» кафедрасының меңгерушісі Н.А.Күленова, кафедры «Геология және кен ісі» кафедрасының доценті Р.А.Игнатьев Монғолияда (Ұлан-Батор қ.) халықаралық Қазақстан-Монғолия инвестициялық форумында болып қайтты, онда Қазақстанның инвестициялар тартудағы тәжірибесін пайдалану, энергияның баламалы көздерін қолдану, тау-кен металлургиялық кешенді, сондай-ақ Монғолия ғылым академиясын дамыту мәселелері талқыланды. Айта кететін жәйт, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары арасынан осындай өкілетті форумға тек қана ШҚМТУ делегациясы қатысты.

Мұның барлығы Президенттің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын өмірге табысты енгізе отырып, ректор Ғ.Мұтановтың келешекке арналған саясат жүргізуі арқасында болды.

Сол сияқты, біздің делегация Эрдэнэт қаласында орналасқан әлемдегі ең ірі, жылына 25 млн. тонна мыс-молибден кенін өндіретін, кен-байыту комбинаттың біріне барды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Қазақстан) және ғылым мен технология университетінің филиалы – «Эрдэнэт кәсіпорны» КҚБ-гі жанындағы Ш.Отгонбилэг атындағы Технологиялық институты арасында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТ жасалды.