Инновациялық қызмет

Білім мен ғылымның бірігуі кафедраның инновациялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Студент-металлургтерді оқыту іс-әрекеттегі өндірістердің талаптарына максималды жақындастырылып, кафедра филиалдарында жүзеге асырылады, олар «ВНИИцветмет» ЕМК, «ҮМЗ» АҚ, «Алтай» технопаркі аумақтарында орналасқан.

Технопаркте «Материалтанудың көкейкесті проблемалары» (АПМ) зертханасы жұмыс істейді, оны кафедраның профессоры, т.ғ.д. Б.В.Сырнев басқарады. Зертхана қызметкерлері ҒЗЖ жұмыстарын бес жоба бойынша жүргізуде:

  • «Титан». Жобаның мақсаты – Қазақстандағы бірден бір сүйек тінінің (ткань) имплантанттары өндірісін құру (Технопарк аумағында).
  • «Күміс». Жобаның мақсаты – Қазақстанның Мәнет Сарайы күмістен жасап шығаратын бұйымдардың сапасын арттыру және де соның арқасында Мәнет Сарайының халықаралық рейтингісін көтеру.
  • «Бериллий». Жобаның мақсаты – технологиялық үдерістің математикалық модельдерін әзірлеу және оңтайландыру негізінде өнеркәсіптік бериллийдің сапасын арттыру.
  • «Кремний». Жобаның мақсаты – кремний алу үшін ШҚО кварц кенорындарын қазудың техникалық және экономикалық нысаналылығын бағалау, сондай-ақ кремнийді шалаөткізгішті жиілікке дейін қайта аймақтық тазартуды игеру.
  • «Шунгиттер». Жобаның мақсаты – ШҚО кенорындарынан алынған шунгиттердің сапасын және оны медициналық мақсатта және кремний өндіру үшін қолдану мүмкіндігін зерттеу.