Тәрбие жұмысы
Кафедрада тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша нысаналы жұмыс жүргізіледі, студент жастарды тәрбиелеу мәселелері жөнінде университеттің жұмыс жоспары тұрақты түрде орындалады. Тәрбие жұмысының кафедралық кураторлық сағаттар түрінде өткізілетін жаңа нысаны енгізіліп, іс-тәжірибеде табысты қолданылуда, оған 1-5 курс студенттері қатысады. Бұл студенттермен жұмыс жүргізудің дәстүрлі емес түрі, ол студенттердің өзі ұсынған әр түрлі тақырыптамалар бойынша сауалдама алу нысанында өткізіледі.
Кафедрада геология және кен ісі аясындағы жетекші ғалымдармен және мамандармен қызықты кездесулер, ШҚМТУ геологиялық мұражайында «Геолог күні», «Ашық есік күні» сияқты іс-шаралар болып тұрады, онда болашақ мамандық туралы көп ақпарат алуға болады, аймағымыздың кен-өнеркәсіптік негізін құрған еңбек ардагерлерімен сұхбаттасу мүмкіндігі бар.
Қалалық мұражайларға, «Востказнедра», «ВНИИцветмет» ЕМК геологиялық мұражайларына экскурсия, театрға, кинотеатрларға, көрмелерге және т.б. мәдени саяхат жасау тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Кафедрамызда тамаша дәстүр бар, ол «Топ күні» деп аталады, бұл күні жастар өз шағын ұжымдарының туған күнін мерекелейді. Бұл күнді әр түрлі өткізуге болады, біреулер өз корпустарында шай дастарханын жайса, басқалары өз темпераменттері мен жыл мезгіліне байланысты қала маңына саяхат жасайды.
Оқу және өндірістік практикалардан кейін студенттер жыл сайын «Дала – 200…» қабырға газеттерінің конкурсына қатысады. Онда фотосуреттерде және оларға қосымша жазбаларда берліген өз ойлары мен сезімдерін бейнелейді.
Нашақорлықпен, шылым шегумен, СПИД-пен күресуге арналған акциялар (салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған акциялар), сондай-ақ экология проблемалары бойынша акциялар өткізіледі. Студенттер осы проблемаға қатысты өз көзқарастарын қабырға газеттері, плакаттар арқылы жеткізеді. Мысалы, биылғы жылы кафедра студенттері (07-ГР, 08ГРк, 08-ГД топтары) СПИД-ке қарсы өткізілген «Лучший слоган» конкурсына белсенді қатысты.
Біздің студенттер студенттік өзін-өзі басқару органына белсенді қатысады. В. Красулин –6N0706 магистранты.
2006 жылы «Геология және кен ісі» кафедрасында студенттік өзін-өзі басқару органының жаңа құрылымы қалыптасты, оның құрамында келесі топтардың студенттері: Н.Мелесов, Ж.Мұхитова (06-ГДк) – қоғами ұйымдастырушылар; А.Шевченко (05-ГР) – мәдени-көпшілік ұйымдастырушы; А.Мирошникова, М.Сматова (06-ГР) – ғылым үшін жауаптылар бар.
Жыл сайын кафедра студенттері Ғылыми студенттік конференцияларға, іргелі ғылыми зерттеулерге қатысады: Е.Сущенко, А.Нерослов (05-ГР тобы), Б.А.Дьячков пен З.И.Черненконың жетекшілігімен; А.Мирошникова, М.Сматова, В.Федорова мен И.Хамутская (06-ГР тобы), М.А.Мизернаяның жетекшілігімен; Д.Минина, С.Мерзляков, А.Похилько (06-ГД тобы), Ю.Н.Шапошниковтың жетекшілігімен.
Барлық кафедра ұжымының жұмысында маңызды орын алады. Біздің мамандықтарға ең жақсы бітіруші-оқушылардың түсуін оқытушылар да, студенттер де мақсат етеді. Каникул кездерінде студенттік үгіт бригадалары құрылып, студенттер өз мектептерінде кәсіби-бағдарлау жұмысын жүргізуде. Бұл мәселені шешуге сырттай оқу түрінің студенттері де көп көмек көрсетеді, биылғы жылы Риддер қ. (Шұба, Тишин кеніштері), Жезкент қ., Семей қ., Зырян қ. ақпарат жіберілді.
Студенттер университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысады. Бірінші курста оқыған кезден бастап біздің студенттер сан-қилы қабілеттіліктерін көрсетіп, «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем» іс-шараларына қатысуда. Сондай-ақ олар «ШҚМТУ Күні», «Студент атағын тағайындау» концерттік бағдарламаларына және басқа да көптеген іс-шараларға қатысып, конкурстар жеңімпаздары атанады.
Студенттер Университет хорына да, Демократиялық Жастар Клубының, «Талант» пресс-клубының жұмыстарына да, «Револьтат» көркемдік ұжымына да, домбра ансамбліне де, театр студиясына да қатысады.
2003 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарихында алғаш рет жоғары оқу орны негізінде волейболдан жоғары лига командасы құрылды. Команданың алғашқы құрамында кафедра түлектері болды: А.Мизерный, З.Смағұлов, В.Колесников, И.Бойко, М.Половко, олар I спорттық разрядқа ие және де волейболдан ШҚМТУ және ШҚО құрама командаларының мүшелері болып табылады, сондай-ақ команда құрамына 08-ГДк тобының студенті М.Тебісов та кіреді.
Кафедраның оқытушылар құрамы, өздері үлгі болып, жастарды салауатты өмір салтына тартуда. Б.А.Дьячков, М.А.Мизерная, О.Д.Гавриленко, О.Н.Кузьмина және т.б. оқытушылар – жеңіл атлетикадан, волейболдан, шаңғы жарысынан, үстел теннисінен ПО құрамы арасында өткізілетін Университет спартакиадасының белсенді қатысушылары және жүлдегерлері болып табылады.
Студенттер мен оқытушылардың жазғы каникулды және еңбек демалысын Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Простор» демалыс базасында өткізу мүмкіндіктері бар, онда суға шомылып, күнге қыздырынып, қайықпен және катамаранмен жүзіп, және де дискотекаға барып қана қоймай, «Нептун күні» мерекесіне де, спорттық жарыстарға да қатысуға, сонымен қатар, достардың арасында қызықты уақыт өткізуге болады.