Әдістемелік жұмыс
Оқу-көмекші үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі нарық экономикасы жағдайында мамандар дайындау сапасының қазіргі заманғы талаптарына сай келеді.
Кафедра дәрістік және практикалық сабақтар өткізуге арналған дәрісханалармен қамтамасыз етілген. Жаңа талдамалық зертханалар ұйымдастыру және техникалық жабдықтар орналастыру үшін қосымша алаңдар бар.
Оқу кабинеттері ұйымдастырылған – геологиялық, минералогиялық, петрографиялық және пайдалы қазбалар кенорындары кабинеттері, онда Кенді Алтайдың, Қалба-Нарым аймағының, Батыс Қалба, Жарма-Сауыр және басқа да аймақтардың типтік өнеркәсіптік кенорындары бойынша қажетті оқу геологиялық материалдар жиналған (карталар, кен жыныстары мен кендер коллекциясы). Қазақстанның және шектес жатқан аумақтардың түрлі масштабтары бойынша басылып шығарылған геологиялық, тектоникалық және металлогениялық карталар бар. Зертхананың оқу сыныптарында кен қазбаларының, ашу жүйесінің, қатты пайдалар кенорындарын дайындау және қазу макеттері; қазіргі заманғы микроскоптар, жапон-қазақстандық жоба бойынша құрылған пилоттық қондырғы бар.
Мынадай зертханалар жұмыс істейді: «Кен жұмыстары технологиясы», «Кен кәсіпорындар құрылысы» және «Геофизикалық зерттеу әдістері».
Шығарушы кафедраның кітапханасында оқулықтардың, зертханалық және практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың жеткілікті көлемі, ғылыми-техникалық әдебиеттің үлкен көлемі, соның ішінде кафедра оқытушыларымен жарияланған және әзірленген әдебиеттер бар. Оқытушылар мен студенттер, ШҚМТУ кітапханасымен қоса, «ВНИИцветмет» ЕМК және «Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты» РМҚК Алтай бөлімшесінің кітапханалық қорын, «Востоказнедра» ЖШС қор материалдарын пайдаланады.
Кафедра жанында 2003 жылы жаңғыртылған геологиялық мұражай бар, онда бұрынғы КСРО-ның барлық белгілі кенорындарының минералдары мен тау жыныстарының бай коллекциясы, түсті тастар мен таснұсқаларының үлгілері жиналған. Мұражайда негізгі асыл және сирек металдар кенорындарының, полиметалл және темір кендері кенорындарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аймағының басқа да кенорындарының кендері, жыныстары мен минералдарының сомдылығы жағынан бірегей іріктелімі бар. Бұл геологиялық, кен мамандықтарының, металлургиялық, байыту, құрылыс, экологиялық бейіндердің және т.с.с. студенттерін оқытуға арналған тамаша көрнекі әрі жұмыс материалы болып табылады.
Кафедра оқыту технологиясын жетілдіру және мамандар дайындау сапасын жақсарту үшін «ВНИИцветмет» ЕМК және «Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты» РМҚК Алтай бөлімшесінде филиалдар құрды. «ВНИИцветмет» ЕМК зертханаларында кафедра оқытушыларының жетекшілігімен практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. Сабақтар өткізуге ғылыми дәрежесі бар институт мамандары да белсене қатысады. Айта кететін жәйт, мұнда ДЭЕМ-мен және жаңа технологиялық жабдықтармен қамтылған қазіргі заманғы зертханалық база пайдаланылады, студенттер үлгілер дайындаудың кәсіби тәсілдерін (шлифтер мен аншлифтер дайындау) және зертханалық зерттеулер жүргізудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгереді. Сонымен қатар, олар кендердің заттық құрамын және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу бойынша қазіргі заманғы аппаратурада жұмыс істеуді үйренеді, геология-технологиялық карталау жүргізу практикасын меңгереді, биологиялық ерітінділеу бойынша бірлескен қазақстандық-жапон технологияларын қоса, бұларды қайта өңдеу аясындағы соңғы жетістіктермен танысады. Нәтижелері курстық және дипломдық жұмыстар мен жобалардың арнаулы тарауларын жазу үшін қолданылады.
Осыған ұқсас филиал ҚР ҰҒА «Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты» РМҚК Алтай бөлімшесінде бар, онда студенттер курстық және дипломдық жобалар (жұмыстар) үшін материалдар жинайды және жетекші ғалымдардан үнемі кеңес алады.
Кафедра аймақтың алдынғы қатарлы геологиялық, кен-өнеркәсіптік және жобалау ұйымдарымен: «Корпорация Казахмыс» ААҚ, «Казцинк» АҚ, «Востоказнедра» ТБ, «Топаз» ЖАҚ, «Геос» ЖШС, «Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты» РМҚК Алтай бөлімшесі, «ВНИИцветмет» ЕМК, «Казгипроцветмет» ААҚ және т.б. шығармашылық ынтымақтастық құру туралы шарттар жасасты. Бұл кәсіпорындарда 3, 4, 5 курс студенттері өндірістік және диплом алдындағы практиканы өтеді. Бұл кәсіпорындардың жетекші мамандары СҒЗЖ-ның, дипломдық жобалаудың ғылыми жетекшілері, дипломдық жұмыстар мен жобалардың рецензенттері, МАК-ның төрағалары мен мүшелері болып табылады. Олар университет пен кафедра жұмысына МАК-ның төрағалары мен мүшелері ретінде қатысады.
Осыған орай, студенттер геолог-іздестірушінің, кен инженері-қазбашының және кен инженері-құрылысшының практикалық жұмысы туралы шынайы ұғым алады.
Сондықтан, инженерлік кадрлар дайындау сапасының деңгейі жоғары, бұл жөнінде Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы да атап өткен болатын. Біздің кафедраның бітірушілері, әр уақытта, жақсы және үздік баға алып, мемлекеттік емтихандар тапсырады, дипломдық жобалар мен жұмыстар қорғайды.