Оқу үдерісін ұйымдастыру

Кафедра студенттердің таяу және алыс шетелдерде сынақ мерзімінен өтуін үнемі тәжірибелейді. Сөйтіп, студенттер Р.А.Тоқанов пен Т.Симукова Германияда практикада болды, ал М.Коновалова Австралияда геологиялық мамандық бойынша сынақ мерзімінен өтті, А.Мизерный мен А.Бубликова Польшада сынақ мерзімінен өтті.

[Image]DSCN0339Кафедрада магистрлерді халықаралық қатысумен дайындау ғылыми ынтымақтастық туралы жасасқан шарт шегінде, Польшаның Вроцлав университетімен жүзеге асырылады. Практика аяқталғаннан кейін студенттер А.Половко мен А.Өтеева студенттермен алмасу бойынша оқу үшін 2006-2007 оқу жылы ағымында Польшаға жіберілді.

Кафедра жанында геологиялық мұражай бар, онда бұрынғы КСРО-ның барлық белгілі кенорындарының минералдары мен тау жыныстарының бай коллекциясы, түсті тастар мен таснұсқаларының үлгілері жиналған. Негізгі асыл және сирек металдар кенорындарының, полиметалл және темір кендері кенорындарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аймағының басқа да кенорындарының кендері, жыныстары мен минералдарының сомдылығы жағынан бірегей іріктелімі бар.

2006 жылы университеттің оқу, саяси-қоғамдық және мәдени қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін 04-ГР-1 тобы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Университет ректоры бұл топты қысқы каникул кезінде Астана қ. бір аптаға барып-қайту жолдамасымен марапаттады.