Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра халықаралық байланыстар құруда. ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Б.А.Дьячков Монғолияда өткен халықаралық конференцияның жұмысына қатысты, онда ол геология аясында қазақстан-монғол ынтымақтастығын дамытуға үлкен үлес қосқаны үшін грамотамен марапатталды. Ол ҚР-ның атынан кенді кенорындар генезисі бойынша Халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады.

Жыл сайын кафедра негізінде студенттік сынақ мерзімінен өтумен алмасу бағдарламасы шегінде алыс шетелдерден келген студенттер практика өтеді. Студент-стажерлардың жерлік географиясы өте кең. 4 жыл ішінде Швейцариядан, Норвегиядан, Австриядан, Грециядан, Германиядан, Австралиядан, Жапониядан, Тайландтан келген студенттер оқуды табысты аяқтады. 2008 жылы мұндай студенттер саны 5 адамды құрады (Жапония, Германия, Швейцария).

Кафедра профессорлармен алмасу және оларды дәрістер оқуға шақыру, студенттермен алмасу және 6N0706 «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» магистрлік бағдарламасы бойынша бірлескен дайындық ұйымдастыру жөнінде Вроцлав университетімен Халықаралық ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Жыл сайын «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығының 2 немесе 3 студенті Вроцлав университетінде бір академиялық жыл өткізеді. Осы университеттің профессоры Энтони Мушер ағымдағы жылы магистранттар үшін дәрістер курсын оқыды. Бұл дәрістер курсын «ГжКІ», «ТӘҚжҚОҚ» және «ХМжБ» кафедраларының 8 магистранты тыңдады. Сондай-ақ 2-ші жыл оқу магистранты Ж.Шаяхметова Вроцлав университеті профессорының шақыруымен магистрлік диссертация жазу үшін аттанды. Кафедраның 2 магистранты А.Куйдина және А.Мизерный (2-ші жыл оқу магистранттары) шетелдік ұйымдардағы магистрлік сынақ мерзімінен өтудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша Германияға жіберілді.

2008 жылдың жазғы кезеңінде «ГжКІ» кафедрасында Вроцлав университетінен келген 27 студент геологиялық дала практикасын өтті, кафедра студенттері Польшаның студенттерімен бірлесіп, практиканы ұйымдастыруға және оны өтуге қатысты.