Тарихи анықтама

Шығыс Қазақстан аймағы – Республикамыздың кен өндіру өнеркәсібінің ірі кен базасы. Мұнда өнеркәсіптің кен өндіру саласы минералдық-шикізат базасының негізін құрайтын, көптеген колчедан-полиметалл кенорындары, алтын, сирек және түсті металдар кенорындары, жанар-май және кенсіз пайдалы қазбалар кенорындары барланып, пайдаланылуда. Осыған байланысты, 1995 жылы тау-кен металлургиялық факультеті негізінде «Жерасты игеру және геология» атты мамандандырылған кафедрасының, ал 2000 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де тау-кен металлургиялық институтының ұйымдастырылуы Шығыс Қазақстан кен-өнеркәсіптік кешені үшін кен-геологиялық бейіндегі мамандар дайындау орталығын қалыптастыру бойынша өте маңызды әрі уақытылы қадам болды.

1903 «Пайдалы қазбалар кенорындарын жерасты игеру» мамандығы бойынша алғашқы қабылдау 1993 жылы «Көпірлер, тоннельдер және инженерлік геология» кафедрасының негізінде болды. 1994 жылдан бастап 2000 жылға дейін кафедраны Р.А.Игнатьев басқарды, ол бұған дейін көп жылдар бойы «ВНИИцветмет» ЕМК-да жұмыс істеді.

1995 жылы «Жерасты игеру және геология» кафедрасы ұйымдастырылып, 180140 «Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздестіру және барлау» мамандығы бойынша алғашқы қабылдау жүргізілді.

Кафедраның алғашқы құрамы: оқытушылар – Р.А.Игнатьев, З.И.Черненко, М.А.Мизерная. Содан кейін, кафедраға ірі мамандар шақырылды: геология аясында – ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Б.А.Дьячков, М.С.Рафаилович, Л.Н.Мочалкина, кен ісі аясында – сол кезде техника ғылымдарының кандидаты, ал қазіргі кезде – доктор В.Х.Кумыков, ғылым кандидаты И.Т.Воробьев және де өндіріс мамандары – В.Д.Борцов, А.И.Ананин, С.И.Фаустов, В.Л.Шестак, О.Д.Гавриленко, Б.М.Мұқажанов, И.К.Ұсманов. 2002-2003 жылдары кафедраға жас оқытушылар мен ассистенттер, өткен жылдар түлектері келді: С.С.Айтбаева, О.Н.Кузьмина, З.К.Тұңғышбаева, Б.Б.Рахымбаева, А.С.Филатов.

2003 жылы Шығыс Қазақстан аймағы үшін өте қажетті 190440 «Шахталық және жерасты құрылысы» мамандығы ашылды.

2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін кафедраны В.Х.Кумыков басқарды. 2002 жылы кафедра меңгерушісі болып М.А.Мизерная тағайындалды.

2006 жылдан бастап кафедра «Геология және кен ісі» болып қайта аталды.

Кафедраның студенттері, магистранттары, аспиранттары әр түрлі конкурстардың жеңімпаздары болып табылады, бұл таяу және алыс шетелдерде (Ресей, Германия, Австралия және т.б.) біліктілік жетілдіру мүмкіндігін береді.

Бакалаврлар, магистранттар мен аспиранттар дайындығын «Геология және кен ісі» кафедрасында 3 техника докторы, 2 геология-минералогия ғылымдарының докторы, 9 ғылым кандидаты, 5 аға оқытушы, 4 оқытушы және 8 ассистент жүргізеді.

Кафедрада ҚР ҰҒА-ның нағыз мүшесі, академик Б.А.Дьячков жұмыс істейді. 2006 жылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен жарияланған «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсында, ол ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу грантын жеңіп алды. Ал 2007 жылы З.И.Черненко ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу грантын жеңіп алды.