Ғылыми-зерттеу жұмысы

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) бекітілген жоспар бойынша іске асырылады. ҒЗЖ және ҒӨҚ «Денсаулық» зеретханасы және ОСБжЖОДСМ бөлімдері негізінде төмендегі екі бағытта іске асырылады:

  • Ғылыми зерттеу жұмыстары (госбюджетті)
  • Ғылыми өндірістік қызмет

Барлық ҒЗЖ қатысушы оқытушылар саны 17 адам.

Есеп беру аралығында сертификат алып курс бітіргендер:

  • Асмолова Л.А. «Қашықтықтан оқыту технологиясы» (КАСУ) Сертификат №126 16.03.2011ж.
  • Асмолова Л.А. «Инженерлік жоғарғы оқу орындарына халықаралық оқытушыларды дайындау» (IGIP) 19.09.10. KAZ – 046 (Австрия)
  • Жаксылыков М.Ф.Халықаралық төрешілік семинар-треннинг Қазақстанның аймақтық оқытушы- жаттықтырушылардың және Орталық – Азия мемлекетіндегі спорттық шеберліктерін жоғарлату мәселелері. (Азиялық бадминтон конференциясы) EE Sheu Peng (Малайзия) 1-29.06.2010ж.
  • Уанбаева Ф.Ж. «Оқытушының жеке компетенциясы» (КАСУ) Сертификат №11 13.04.2011ж.

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы облыстың дене тәрбиесі және спорт мамандарының білімдерін жетілдіру жұмыстарына көп көңіл бөледі. Кафедра оқытушылыры облыстың Зайсан, Аягөз, Марқакөл аудандарында дене тәрбиесі мұғалімдерінің БЖ курстарында дәріс береді.

Кафедраның барлық оқытушылары тек ҚР өтетін конференцияларға ғана қатысып қоймайды, жақын шетелдердеде қатысады.

  • Асмолова Л.А. «Дене тәрбиесі үрдісін дамытудағы инновациялық педагогикалық технологияны қолдану жолдары» Халықаралық конгресс «Олимпиадалық спорт және спорт барлығы үшін» Киев, 2010ж.
  • Амренов Б.А. «Білімді компьютірлеу және салауатты өмір сүру мәселелері» ҒПК Ресей Ачинск қ. 28-30.04.2011ж.

2010-2011оқу жылында «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының жарық көрген статья саны 53 құрайды.