Оқу-әдістемелік жұмыс

Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің дене мәдениеті - спорттық қызметінің маңызы эор. Денсаулықты нығайтуға септігін тигізеді, ағзаның үйлесімді дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және өз бетімен өмір сүруде психикалық дене дайындығын қамтамасыз етеді.

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің негізгі элементі таңдап алған спорт түрінен мамандандыру.

Оқу жұмыс бағдарламасы әр спорт түрінен екі тілде жазылған.

Оқу әдістемесімен қамтамасыз ету мемлекеттік тілде және орыс тілінде 100 пайызды құрайды.

Оқу үрдісіндегі әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі жаңа талаптарға сай. Кафедрадағы оқытушылардың жылдық оқу жүктемесін (сағаттарын) жоспарлау және бөлу оқытушылардың дәрежесіне, кафедраның жұмыс ережесі бойынша іске асады.

Оқу жылы Сағат көлемі штат қосарлау сағаттап
2010-2011 14520 14190 330 -

Кафедрада төмендегідей оқу-әдістемелік құжаттар бар:

  • келісіліген және бекітілген кафедра жұмыс жоспары;
  • кафедра отырысының хаттамалары;
  • өз-ара сабаққа қатысу журналы;
  • жеке индикативті жоспар және оқытушылардың жеке жұмыс жоспары;
  • әдістемелік семинардың жұмыс жоспары;
  • кафедраның әдістемелік семинар отырысының хаттамасы.

Кафедрада әдістемелік семинар қызметіне жауапты Шепелева Е.Б.. Әдістемелік семинарда әр спорт түрлерінен оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру жағдайлары, ай сайын дене тәрбиесі және спорт туралы кітап-журналдарға шолу жасау, өз-ара сабақтарға қатысу, ашық сабақтарға талдау жасау қаралады. Жыл бойында 4 семинар сабақтары өткізілді.

Кафедра оқытушылары оқу үрдісін жетілдіруге және сапасын жаңа талаптарға сай жоғарлату үшін үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Оқу және жаттықтыру сабақтарында әсіресе, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, атлетикалық гимнастика спорт түрлерінің жаттығу техникасында (тәсілдерінде) жаңа оқыту әдістерін енгізіп отырады. Оқу сабақтарында ТҚЖ көмегімен оқу-әдістемелік бейнетаспалар қолданылады. Оқу үрдісінде екі ҒЗЖ акт енгізу бар. Кафедрада оқу және оқу - әдістемелік оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар жұмыстары бар.

Студенттердің білімін тексеру модульді-рейтинг жүйесімен сәйкес жүзеге асырылады. Спорт түрлерінде спорттық үйірмеде жаттығатын студенттер Президенттік сынамалар нормаларын тапсырып балл алады. Денсаулықтарында ауытқулары бар студенттер дене тәрбиесі сабақтарынан босатылып, теориялық білімдерімен (рефераттарын қорғап) сынақ алады.

1-2 курс студенттері спорт түрлерінен оқу-жаттықтыру сабақтарын өтуіне байланысты «Дене тәрбиесі» пәні бойынша 100 пайыз сынақ алды.