Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның қызметкерлері, оқытушылық және тәрбиелік жұмыспен қатар, ғылыми қызметпен де белсене айналысады. Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы шаруашылық-шарттық және мембюджеттік тақырыптамалар бойынша жүргізіледі. Кафедра "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының пәндері бойынша компьютерлік оқу үдерісі" мембюджеттік ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша әзірлеме жасады.
Кафедрада Факультетаралық ғылыми-зерттеу қоршаған ортаны қорғау және сауықтандыру зертханасының және кафедрааралық еңбекті қорғау зертханасының күшімен шаруашылық шарттар бойынша ғылыми зерттеулердің біршама көлемі орындалуда.В настоящее время ведутся исследования по финансируемой госбюджетной и хоздоговорной темам:
- Госбюджетная тема: Создание комплексного органо-минерального удобрения и структурообразования почв из осадков бытовых сточных вод и природных алюмосиликатов месторождения Казахстана.
- Хоздоговорная тема: Определение методов улучшения состояния водно-химического режима оборотной системы ГЗУ АО «AES УК ТЭЦ».
«Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі» АҚ-ның «Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату» зертханасында өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді әдістерін зерделеу бойынша студенттердің, магистранттардың сабақтары және аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Зертхананың кадрлық қамтамасыз етілуі:
Зертхананың ғылыми жетекшісі – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар Академиясының және Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі А.Қ.Адрышев. А.Қ.Адрышевтың ғылыми зерттеулер нәтижелері 140-тан артық жарияланған баспа жұмысында ақындалды, соның ішінде авторлық куәліктер, патенттер, монографиялар және оқу құралдары. Ол Қазақстан Республикасының ЖАК шешімімен құрылған Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті жанындағы кен ісі, геоэкология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми-үйлестіру орталығының мүшесі; кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңестің төрағасы, филиала Иртышского департамента экологии при Восточно-Казахстанской области ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болып табылады.
Зертхананың ғылыми қызметкерлері: В.М.Соколов, Н.А.Струнникова, Н.Г.Серба, Е.Н.Буханцев, Н.А.Кочевой, Л.А.Линева.
Өскемен ТМК АҚ-ның шлам жинауышының тұнбасын қолдану технологиясы әзірленді. Қаржыландырушы ұйым – "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ.
Пермитин көшесі бойындағы жауын коллекторын "Таза су" жобасы бойынша жобалау аяқталды. Үйлестіруші ұйым – Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі.
Семей былғары-тері бірлестігінің ақаба суындағы хромның ағындыда шоғырлануын азайту мақсатында, оны тұнбаландыру.
Факультетаралық ғылыми-зерттеу қоршаған ортаны қорғау және сауықтандыру зертханасы орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары Өскемен қаласының қоршаған ортасын сауықтандыру шараларын әзірлеу негізі болды, олар атмосфера, су бассейні мен топырақтың ластануын төмендету бойынша техникалық шешімдерді қамтиді. Бұлар университетте "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" мамандығын ашуға жәрдемдесті.
Кафедрааралық еңбекті қорғау зертханасы орындаған жұмыстар облыс орталығының кәсіпорындарындағы еңбекті қорғауды жақсартуға бағытталды және "Еңбектің және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі" мамандығын ашуға жәрдемдесті.
Шығыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау басқармасы Факультетаралық ғылыми-зерттеу қоршаған ортаны қорғау және сауықтандыру зертханасының әзірлемелерін конденсатор зауытында, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ-да, сондай-ақ "Қазмырыш" АҚ-да енгізді.
Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулер нәтижелері жарияланған баспа жұмыстарында, авторлық куәліктерде, өнертабыстарға берілген патенттерде, монографияларда және оқу құралдарында айқындалды.
Кафедраның студенттері университеттің ғылыми-техникалық конференцияларына белсене қатысады. Жыл сайын кафедра Республикалық конкурсқа 5 студенттік жұмыс жібереді.
Соңғы үш жылда тау-кен металлургиялық факультеті негізінде кафедраның қатысуымен екі халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізілді, онда металлургия, кен ісі, пайдалы қазбаларды пайдалану жөнінде көкейкесті проблемалар, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Научные исследования по темам диссертационных работ (.pdf, 152Кб).
Қазіргі кезде кафедрада т.ғ.к., профессор В.М.Соколовтың атынан «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау шараларын өткізу» бағдарламасына сәйкес 2005-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
АҚШ-тың Әлем Корпусымен ынтымақтастық құру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Каролинадан келген экология кафедрасының мамандары "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" мамандығының студенттері үшін "Экология" пәнінен дәрістер курсын оқыды. Кафедраның оқытушылары халықаралық конференцияларға қатысты: 1997 жылы – Синьцзянь қ., КХР, Жезқазған қ., Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы, 1998 жыл – Мәскеу қ., Барнауыл қ., Ресей, 2001 және 2003 жылдары университетте тау-кен металлургиялық факультеті негізінде өткізілген халықаралық конференцияларда баяндамалар жасалды.
Осы барлық шаралар негізінен профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін және шығарылатын мамандар сапасын арттыруға бағытталған.
2008-2009 жылғы инновациялық жобалар. Тәуекелдік жобалар (1 жоба), іргелі зерттеулер (6 жоба) конкурсы.