Ғылыми-зерттеу жұмысы
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары технологиялық машиналар мен жабдықтарды зерттеумен, оларды құру және жетілдіру ұсынымдарын дайындаумен байланысты.
Шаруашылық-шарттық тақырыптар, конкурстық қаржыландыру жобалары және мембюджеттік тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер т.ғ.д. Ж.О.Құлсейітовтың, т.ғ.д. Ю.А.Веригиннің, ф-м.ғ.д. А.К.Томилиннің, т.ғ.к. В.П.Буровтың, т.ғ.к. Г.А.Гурьяновтың, т.ғ.к. М.В.Дудкиннің, т.ғ.к. Т.М.Кумыкованың, т.ғ.к. Н.В.Хонның, т.ғ.к. Б.М.Абдеевтың және кафедраның басқа да оқытушылары жеткшілігімен жүргізіледі.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары келесідей болып табылады:
- Құрылыс материалдарын жасау үшін машиналар мен жабдықтарды құру мен жетілдіру әдістерін зерттеу және әзірлеу.
- Машиналар мен жабдықтардың гидравликалық жетектердің сенімділігін және төзімділігін арттыру, май мен жұмыс сұйықтығының пайдаланушылық қасиеттерін қалпына келтіру және қолдау тәсілдерін зерттеу.
- Материалдардың дірілдік ауысу және дірілдік шығару үдерістерін зерттеу.
- Материалдарды өте жұқа ұсақтау үдерістерін зерттеу.
- Технологиялық машиналар мен жабдықтарды құру және жетілдіру бойынша ұсынымдар зерттеу және әзірлеу.
- Серпімді дененің кернеулі-деформацияланған күйін үлгілеу.
- Соққы жүйелердегі динамикалық үдерістерді зерттеу.
- Магниттік өрісте бөлінген параметрлері бар электр-механикалық жүйелердің тербелістерін зерттеу.
- Ауыспалы массаның механикалық жүйесінің динамикасы.
Соңғы бес жылда ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша бес кандидаттық диссертация қорғалды, 200-ден артық ғылыми мақала мен доклад жарияланды, 12 патент алынды. Кафедрада ғылыми семинар жұмыс істейді, онда құрылыс машиналары мен жабдықтардың жұмыс істеуімен, оларды құрып, жетілдірумен байланысты проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелері баяндалады және талқыланады.
Жыл сайын кафедра түрлі деңгейдегі ҒТК-да 30-ға жуық баяндама жасайды, соның ішінде 15 - 20 студенттік баяндама; болжамды өнертабыстарға 6 - 7-ге жуық өтінім береді, 5 - 6 оң шешім қабылдап, алдын-ала патенттер алады, кафедра атынан ең аз дегенде 30 мақала мен тезис жарияланады, оқу құралдары мен монографиялар, зертханалық және практикалық жұмыстарды, курстық және дипломдық жобаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар басылып шығарылады, ресімделіп расталған ҒЗЖ нәтижелері оқу үдерісіне енгізіледі (жыл ағымында 7 кесімнен кем емес); қаржыландырылатын ҒЗЖ-ын орындауға және ақылы қызмет көрсетуге шарттар (ш/ш, м/б) жасалады, жылына 500-ден кем емес мың теңге сомаға.
СҒЗЖ-на күндізгі оқу түрі студенттерінің жалпы санының орта есеппен 30%-на жуығы қатысады. СҒЗЖ студенттік «ИсКон» ҒТК және МКФ СҚТБ жұмысы, ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылымдау жұмыстары түрінде беріледі, онда студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына, пәндік олимпиадаларға және т.б. қатысумен, инновациялық элементтері бар курстық және дипломдық жобалар орындалады, сондай-ақ конференцияларға баяндамалар дайындалады.
Кафедраның ҒЗЖ-ның және ҒӨД-ның негізгі даму келешегі төмендегідей.
Материалдарды ұсату және сұрыптау құрылғыларын зерттеу және жетілдіру, мобильді машиналар гидрожетектерінің агрегаттар сенімділігін арттыру, «Мұнай өнімдерінің пайдаланушылық қасиеттерін қайта қалпына келтіруге және қайтадан пайдалануға арналған технологияны және жабдықтарды әзірлеу (жағар май және жұмыс сұйықтығы)» тақырыбын дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Министрлікпен және басқа да мем. органдармен, халықаралық бағдарламалармен (жобалармен), шаруашылық-шарттық ҒЗЖ-мен үйлестірілетін ҒЗЖ-ның саны:
- қаржыландырылмайтын м/б ҒЗЖ – 17;
- кафедраның шаруашылық-шарттық жобалау-құрылымдау жұмыстары (№236-210-064 тақырыбы). Ертіс – Қарағанды каналы үстінен өтетін мұнай құбырының иілген жерін есептеу жобасы, 200 мың теңге сомасына;
Усть-Таловка БФ-дағы зарядты машиналарға арналған жабдықтарды зерттеу және әзірлеу бойынша ҒЗЖ нәтижелері өндіріске енгізілді (орындаушылар Н.В.Хон, Е.А.Клименко), сондай-ақ Г.С.Пестованың бериллий фториді балқымасының түйіршіктенуі бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелері ҮМЗ-да енгізілуде. Кафедра ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы 7 шартқа ие және өндірістерде кафедраның 2 филиалы бар.