Ғылыми-зерттеу жұмысы
«Көлік және логистика» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары машиналар мен механизмдердің сенімділігін қамтамасыз етумен, көліктік-логистикалық қызметтер жүйесінің дамуымен, жол жүрісін ұйымдастырумен және қауіпсіздігімен, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясын жетілдірумен байланысты проблемалар шеңберін қамтиді.
Бұл зерттеулер мазмұны жағынан келесі бағыттарға жатады:
- аймақтың өнеркәсіптік және тұтынушылық нарығының Көліктік-пайдаланушылық логистикалық қызмет көрсету жүйесін құру бағдарламасын әзірлеу және енгізу;
- қалалық логистиканы дамыту бағдарламасын әзірлеу (логистика-сити);
- машиналар сенімділігі деңгейін инновациялық бағалау әдістері («Машиналар сенімділігі проблемалары» ҒӨЗ);
- автомобиль бензині сапасын инновациялық бағалау әдістері («САТиМ» ҒӨО);
- автомобиль агрегаттары мен жүйелерін инновациялық диагностикалау әдістері мен құралдарын қолданып, отын үнемділігін арттыру;
- қаладағы жол жүруді ұйымдастыру проблемаларын инновациялық шешу әдістері;
- қаладағы көлік ағымының экологиялық қауіпсіздігі проблемаларын инновациялық шешу әдістері;
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық үдерістерін жетілдіру;
- автомобиль агрегаттарын инновациялық диагностикалау және жөндеу әдістерін әзірлеу.
Кафедрада 3 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді: «ЭТОРА» автотехникалық орталығы, автомобиль отындары мен майларын ғылыми-өндірістік сертификаттау орталығы («САТиМ»), «Машиналар сенімділігі проңблемалары» ғылыми-өндірістік зертханасы.
Сондай-ақ кафедраның қарауында мамандандырылған зертханалар бар: «Жол жүрісін техникалық ұйымдастыру құралдары», «Жол жүрісін ұйымдастыру және оның қауіпсіздігі».
Зерттеулер нәтижелері бойынша соңғы 5 жылда 1 докторлық және 5 кандидаттық диссертация қорғалды, 3 монография, 150-ден артық ғылыми мақала жарияланды, өнертабысқа 17 авторлық куәлік алынды.
Ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және мамандар дайындау сапасын арттыру мақсатында кафедра «Қалалық жолаушылар тасымалдау басқармасы орталығымен», «ШҚО ІІБ Жол полициясы басқармасымен», «ШҚО бойынша көлікті бақылау комитетімен», «Республикалық Жол жүрісі қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығымен» ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық туралы шарттар жасасты.