Оқу үдерісін ұйымдастыру

Кафедра  050723 – “Техникалық физика” мамандығы бойынша бакалаврларды,  6N0723 – “Техникалық физика» мамандығы бойынша магистрлерді, 6N0604 -«Физика» мен  6D072300 – “Техникалық физика“ мамандығы бойынша PhD докторларын дайындайды.

Кафедра мамандықтарын бітірушілердің кәсіби қыметінің саласы:  зауыттық ғылыми-өндірістік зертханалар, жоғары оқу орындарындағы, ғылыми орталықтардағы, түсті металлургия кәсіпорындарындағы, машина және аспаптар салу кәсіпорындарындағы, қазып шығаратын және қайта өңдеу өнеркәсіптеріндегі,  машина жасаудың  авиациялық және космостық, атом энергетикасы саласындағы, өнеркәсіптік және сот сараптамасы зертханаларындағы, кедендік басқармадағы және т.б. зертханалар.

Оқу жоспары физикалық негіздердің кеңейтілген жоспарын материалтануды, компьютерлік дайындауды, қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу жабдықтары мен аспаптарды игеруді, әр түрлі технологиялық жүйелер мен жылу физикасын, шетел тілін тереңдетіп оқытуды қарастырады.

Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, типтік оқу жоспарлары бар.  ГОСО ҚР 3.08.358-2008 негізінде мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік құжаттама әзірленді және бекітілді. УМКС толығымен құрылды. Кафедраға бекітілген пәндер саны 40 астамды құрайды.

Күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша оқыту  мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

2006-2007 оқу жылынан бастап бакалаврлар мен магистранттарды дайындау несиелік технология бойынша іске асырылады.

Кафедраның профессорлары мен доценттерінің жетекшілігімен техникалық физика саласында жоғары білікті мамандарды дайындау үдерісінде студенттер міндетті пәндер кешені сияқты, таңдау бойынша элективті курстарды зерделейді, болашақта жаңа инновациялық технологияларды әзірлеуді қамтамасыз ететін, және оны өндірісте енгізуге қажет, оның ішінде:

  • Электрлік және  магниттіқұрылғылар.
  • Физикалық оптика.
  • Инновациялық қызмет пен патенттану негіздері.
  • Оптикалық аспаптар.
  • Ядролық физика мен элеиентарлы бөлшектер физикасы.
  • Электр магнитті өріс теориясы.
  • Радиациялық әсер етудегі құрылым қалыптастыру.
  • Қолданбалыжылу физикасы.
  • Кристаллография.
  • ЭЕМ физикалық үдерістерді үлгілеудің инновациялық әдістері.
  • Дифракциялықұрылымдықталдау.
  • Шапғылысудың заттармен өзара әрекеттесуі.
  • Электронды микроскопия.
  •  Рентгенфлуоресцентті талдаудың физикалық негіздері (РФТ).
  •  Конденсацияланған күй физикасы.

Қолданбалы-физиктерді әзірлеу ерекшелігі, студенттердің Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындары мен ғылыми орталықтарында өндірістік практикасын өтуі жоспарлану мен ары қарай жұмысқа орналастырудан тұрады. Кәсіпорын немесе ұйымның жіберуі бойынша, тапсырыс берушінің тілегі бойынша оқуға түскен кезде оқытудың аяқтау курстарында бейін мен мамандану бойынша басқа пәндерді енгізу қарастырылады.

Жыл сайын «Интеграл» желісі бойынша «Физика» пәні бойынша техникалық мамандықтар студенттерінің білім деңгейін арттыру мақсатында кафедрада қосымша сабақтар өткізіледі.

«Университет-Технопарк»  үлгісінің қалыптасуымен кафедрада Инновациялық ЖОО критерийлеріне сәйкестендіру мақсатында кафедра пәндерін әдістемелік қамтамасыз етуді қайта өңдеу  белсенді түрде жүргізілуде. Студенттерді оқытудың  практикалық-ұйымдастырушылық және проблемалық-бағытталған  принциптерін іске асыру мақсатында оқытудың интербелсенді әдістері, мамандарды дайындаудың инновациялық білім беру технологиялары енгізілуде.