Студенттердің ғылыми жұмысы

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы мен ҒЗЖ, оқу жоспары және жұмыс бағдарламасы анықталды.

Өткен оқу жылында кафедра оқытушылары өз бетімен жұмыстың келесі үлгілерін белсенді қолданды:

- пәннің негізгі бөлімдері бойынша терең мазмұнды  дәріс материалдарын әзірлеу;

- студенттердің ұсынылған оқу, ғылыми, нормативтік және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу;

- реферат және баяндамалар жазу;

- іс-тәжірибелік сабақтардың бағдарламасын жасау. ОСӨЖ тапсырмаларын орындау (тапсырмалар, тестер және т.б.)

- ағымдағы, аралық, қорытынды аттестацияға дайындық.

 2008-2009 оқу жылында ҒЗЖ әр түрімен  465 студент қамтылды.

Біздің университет студенттері философия және адамзаттың даму мәселесі кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысады Ғылыми зерттеу жұмыстары философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану және психология аясында өткізіледі. 

  • Жыл сайын Философия және адамзаттың даму мәселесі кафедрасы Студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Конференция қорытындысы бойынша кафедра оқытушылары жетекшілігімен орындалған үздік жұмыстар тезисі басылып шығады.  «Гуманитарлық ғылымдар, шет тілдері негізінде жастар шығармашылығының иновациялық дамуы» секциясының жұмысына кафедра оқытушылары мен студенттері үздіксіз қатысып отырады.   
  • Жыл сайын студенттер кафедра оқытушыларымен бірлесе отырып, студенттер жұмысының республикалық байқауына ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындайды. 
  • Философия кафедрасы жыл  сайын философия, мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтанудан пән олимпиадаларын өткізеді    (кестені қараңыз).
  • Кафедрада 3 ғылыми-зерттеу және студенттік үйірме–философия клубы «Сократ», психологиялық клуб  «Ключи», дебат клубы жұмыс істейді.

f7Кафедра оқытушылары арасында ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға үнемі студенттерді даярлайтындар - Краснобаева Н.Л., Степанов А.А., Уалиева С.К., Столярова Л.В., Столярова Э.О., Мамыканова Б.К., Сабаева А.Ю, Гайко О.А., Сарсембаева Г.А., Баталова Ж.В., Фирсова Е.А., Сокольникова Г.Ю. және т.б. Кафедрада студенттік ғылымның дамуына аға оқытушы Степанов А.А. және оқытушы Сабаева А.Ю. жауапты.