Жалпы инжеренерлік пәндер
«Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы 2011 жылдың 1 шілдесінде «Механика» және «Инженерлік графика» циклдері пәндерінің қосылуы негізінде құрылды.
Кадрлар әлуеті бойынша кафедра университеттегі жоғары біліктілердің қатарында: 28 оқытушының 17-сінің ғылыми дәрежесі мен лауазымдары бар, соның ішінде 1 ғылым докторы, 4 профессор, 16 ғылым кандидаты мен доценттер.
«Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы жалпытехникалық болып саналады және де университеттің барлық мамандықтары үшін жалпы білім беретін және базалық пәндер: «Теориялық механика», «Инженерлік механика», «Механика», «Материалдар кедергісі», «Қолданбалы механика», «Машинатанудың теориялық негіздері», «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Машина бөлшектері», «Жобалау негіздері мен машина бөлшектері», «Аспаптар бөлшектері мен тораптары», «Сызба геометрия және графика», «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика», «Машиналық графика», «Ақпараттық-графиктік бағдарламалар», «Ағаш бұйымдарын құрастыру» бойынша оқытуды жүргізеді. Кафедраның пәндері базалық деп саналады, олар университеттің студенттерін жоғары курстарда оқытуға жеткілікті білім береді.
Кафедрада төмендегі курстар ұйымдастырылған және жұмыс істейді:
- Болашақ абитуриенттерге сызудан дайындық курсы;
- «Конструктор» оқу-өндірістік курсы - компьютерлік графика, AutoCAD, Компас.
Кафедраның оқытушылары үнемі өз санаттылықтарын көтеріп, заманауи графиктік жүйелер (AutoCAD, Компас) бойынша әртүрлі көрмелерге, конкурстарға, семинарларға, республикалық, халықаралық, қашықтық конференцияларға, алыс және жақын шетелдердегі Интернет - Конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысып отырады.