Машинажасау
Мамандық 5B071200
Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы кафедрасы 5B071200 «Машинажасау» мамандығын көрсетеді.
Мамандану:
Машинажасау технологиясы, металкескіш білдектер мен құралдар.
Пісіру өндірісінің жабдықтары мен технологиясы.
Біліктілік – машина жасау бакалавры.
Оқу үдерісі кезінде студенттер машиналар мен механизмдерді жобалау, технологиялық үдерісті жобалау, қазіргі машинажасауды ұйымдастыру және оның экономикасы салаларындағы терең білімдерді алады.
Олар құюдың технологиялық үдерісін, соғып өңдеуді, термиялық өңдеуді, пісіруді, кесіп өңдеуді, құралдарды жобалау және жасау, машинажасау өндірісін автоматтандыру және қазіргі заманғы ақпараттық машинажасау технологияларын пайдалану мен сапаны бақылау, машинажасау өндірісінің өнімдерін лицензиялау мен сертификаттауды оқиды.
Кафедраның оқу жұмыс орындары мен зертханаларында студенттер жоңғыш, жоңғылағыш, теміршебер, пісіруші, термиялаушы, металтанушы, метролог жұмыстарының тәжірибелік дағдыларына үйренеді. Негізгі жұмысшы кәсіптер бойынша сәйкес жұмыстарды орындауға құқық беретін біліктілік куәліктері беріледі.
Облыстың негізгі кәсіпорындарында кафедраның бөлімшелері ұйымдастырылып жұмыс істеуде, және онда студенттер технологтың, құрылымдаушының, механиктің, басшылардың білімдерін тәжірибе жүзінде алуда.
4 жылдың ішінде студенттер машинажасаудың келесі маманданулары бойынша оқып шығады: Машинажасау технологиясы; металкескіш білдектер мен құралдар; пісіру өндірісінің жабдықтары мен технологиясы; қысым арқылы металдарды өңдеудің жабдықтары мен технологиясы; материалтану және металдарды термиялық өңдеу.