Ғылыми-зерттеу жұмысы
1996 жылы кафедра жанында «Технолог» оқу-ғылыми-өндірістік орталығы құрылды, онда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жоспары, сондай-ақ ұйымдармен және жеке тұлғалармен шарттар жасасу бойынша дайындық жүргізілуде. Жетекшісі – кафедра меңгерушісі Ю.И.Лопухов.
ХҒТО тапсырысы бойынша «Ультрадыбыспен құю әдісі бойынша бериллий оксидінен қыш бұйымдарын жасау технологиясын әзірлеу» К-505 жобасын дайындау жұмысы орындалуда.
"Алтай" технопаркі негізінде қыш зертханасы ұйымдастырылды. Екі мембюджеттік тақырып бойынша жұмыс жүргізіледі: «Машинажасауда жоғары берікті, төзімді материалдар мен жабдықтар өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу» және «Бериллий оксиді негізінде арнайы дайындалатын қыш бұйымдары өндірісінің кешенді нанотехнологиясын құру».
Кафедраның оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысын төмендегі бағыттар бойынша орындайды:
- балқыма қаптамалы материалдар және балқыма қаптау технологиясы;
- құрылымдық материалдардың төзімділігі мен беріктігін арттыру, физика-механикалық қасиеттерін сынау;
- жіңішке қыштан бұйымдар жасау үшін ультрадыбысты қолдану;
- титан карбиді негізінде кескіш құрал-саймандарға арналған қатты қорытпалар материалдары;
- вакуумды технологиялар;
- беткі-активті полимерлер негізінде майлау-суытқыш сұйықты қолданып, кескіш құрал-саймандардың беріктігін зерттеу;
- құрылыс-жол машиналарын тығыздау үшін дірілдегіш аунақтардың ұтымды құрылымын таңдауды оңтайландыру;
- қаратқыш емес және қиратқыш бақылау әдістерінің диагностикасын жетілдіру;
- дірілдегіш аунақтар (жол машиналары);
- толқынды және діріл-толқынды жол аунақтары;
- ұсақтап ұнтақтау помола үшін деформирмацияланған жұмыс камерасы бар диірмен.
Кафедра Алматы, Астана, Барнауыл, Киев, Минск, Мәскеу, Тверь, Омск, Қарағанды, Павлодар және т.б. қалалардың жоғары оқу орындарымен және ҒЗИ-мен ғылыми және әдістемелік байланыстар жасайды.