Тәрбие жұмысы

i2i3Кафедрада кураторлар, тәлімгерлер, эдвайзерлер жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін тәртіп және университеттің ішкі ережесін сақтамайтын студенттер кураторлық топтарда болған жоқ.

 

Кафедра оқытушылары студенттермен бірге университет қабырғасында жүргізілетін Білім күні, Жаңа жыл, Наурыз, Қазақстан халықтарының ынтымақ күні, «Нұр Отан» форумы, сенбіліктерге және т.б. шараларға белсене қатысумен қатар, «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем»байқауларына дайындалуды және оған студеттердің қатысуын ұйымдастыруға көмектеседі.

IMG_0797pic8Кураторлар мен тәлімгерлер кураторлық топтарда үнемі аттестация, қысқы және жазғы сессия нәтижелерін талдайды, нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу және тағы басқа келеңсіз әуескерліктердің зияндылығы туралы сұхбаттар жүргізеді, студенттерді салауатты өмур сүруге тәрбиелейді.

 

Кураторлар мен тәлімгерлер тарапынан студенттердің ата - аналарымен тығыз қатынас орнатылған, әруақытта олардың балалары - студенттердің жетістіктері жөнінде хабар жіберіледі, кейбір үлгерімі нашар студенттердің ата - аналарына үлгерім нәтижелері уақытылы хабарландырылып, ондай студенттермен жекеше жұмыс жүргізіледі.pic9

Кафедра еншісіне бөлінген дәрістер кураторлық топтар студенттерінің күшімен жуып тазартылады, дәрістердің техникалық жай жапсары оқу барысында бақыланып, жақсарту жөніндегі ұсыныстар үнемі кепілдемелік хатпен ғимарат әкімшілігіне жеткізіледі.

pic11Студенттер, кураторлар мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен, ШҚМТУ - нің бас ғимаратындағы кезекшілікке, төңіректе бекітілген ауданды тазалау үшін жүргізілетін сенбіліктерге, университет қабырғасында ұйымдастырылатын конференцияларға белсене қатысады.

Кафедра оқытушылары АТжЭ факультетінің графигіне сәйкес университет жатақханасындағы кезешілікті ұйымдастыруға және жүргізуге, университетте ұйымдастырылатын спорт шараларына белсене қатысады. Аға оқытушы Зайцева Г.А. мен оқытушы Тюлюбергенев Р.К. шаңғы жарысынан АТжЭ факультетінің бірлестігінің құрамында, олар факультеттің жүлде алуына еңбектерін тигізуде.

SDC11236

pic14Кафедра оқытушылары мен студенттер Қазақстан президенті Н.А.Назарбаевтың жыл сайын хабарланатын халыққа жолдауларын талдауға белсене қатысады. ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Социально-экономическая модернизация - главный вектор развития Казахстана» - «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 ж. 27 қаңтарындағы, атты жыл сайынғы халыққа жолдауын түсіндіру, жариялау және жүзеге асыру мақсатында мынадай тақырыптарда ашық кураторлық сағаттар өткізілді:

  • «Солидарность народов, как залог стабильности в обществе»
  • «Қазақстанның өркендеуі – жастардың қолында»