Кәсіпкерлік бағдарлау жұмысы

pic15Кәсіпкерлік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатымен кафедра оқытушылары ай сайын бекітілген №42 және №23 мектепке барып тұрады. Осы мектептерде кездесулер, сұхбаттар және мектеп бітіруші оқушылармен сауалдамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушылар осы кездесулерде жоғарғы білімге дейінгі орталық жөніндегі деректермен танысады (дайындық курстарының ұзақтығы, жүргізілетін пәндер, жеңілдіктер) және БҰТ пәндерінен, оның ішінде математикадан, жүргізілетін компьютерлік алдын ала тестілеу жөніндегі деректер хабарландырылады.

Кафедра оқытушылары «ШҚМТУ - дегі ашық есік» шарасына белсене қатысады.

Кафедра оқытушылары университетке дарынды оқушыларды әкелу жұмысына ерекше көңіл аударады. Осы мақсатпен кафедра оқытушылары жыл сайын «Дарын» орталығында ұйымдастырылатын «Қала және облыс оқушыларының ғылыми жобаларын таныстыру» шарасының математика және қолданбалы математика секцияларына, математика пәнінен жүргізілетін жергілікті, облыстық, қалалық оқушылар олимпиадаларына қазы мүшелері ретінде қатысады; №25 МФИпдоаҚАМ (математика, физика, информатика пәндерінен дарынды оқушыларға арналған қалалық арнайы мектеп) - тегі жоғарғы сынып оқушылармен жұмыс жүргізеді: арнайы тараулардан дәріс жүргізу; математикадан оқушылардың ғылыми жобаларын басқару және кеңес беру жұмыстарымен айналысады.

pic18pic17Университетте шығарылатын, дарынды балаларға арналған «Жас талап КZ» және «Ел ертеңі» журналдарында «Математика» тарауы бар, оған мағлұматтарды кафедра меңгерушісінің - журнал редакциялық алқасының мүшесі - басқарушылығымен, тәжірибелі оқытушылар дайындайды. Дистанциялық оқыту тарапынан оқыту және кеңес беру екі бағытта жүргізіледі: «дарынды балалар» және БҰТ дайындалатын барлық оқушылар.

Кафедра оқытушыларының күшімен ШҚМТУ дайындық курстарында кәсіпкерлік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

pic16«Дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік ортылығы 2011 жылдың 6 - 13 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Көгілдір бұғаз» демалу базасында дарынды балаларға арналған «Дарын» Жазғы Академиясын өткізді. «Дарын» Жазғы Академиясының қатысушылары болып облыстың барлық қалалары мен аудандарының 5-10 сынып оқушылары яғни, ғылыми жарыстар мен сайыстардың және әртүрлі олимпиадалардың жеңімпаздары болды. Жазғы академияның негізгі міндеті дарынды оқушылардың ғылымға қызығушылықтарын дамыту, сонымен қатар ғылым негізіне оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейту және тереңдету болып табылады. «Дарын» Жазғы Академиясының тыңдаушыларымен бірге математикадан сабақты кафедра оқытушысы Р.К. Тюлюбергенев жүргізді.

Кафедра оқытушылары қысқы демалыс кезінде екі жақты келісім шарт бойынша математика пәнінен ҰБТ дайындық кеңесін және мектеп математикасының қазіргі замандағы мәселелерінен кеңес өткізу мақсатымен, сонымен қатар, кәсіпкерлік бағдарлау жұмыстарын өткізу мақсатымен Аягөз ауданына барып қайтты.

pic19Кафедра оқытушыларының күшімен дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы жұмыстар жүргізіледі. Ф.м.ғ.к., «Жоғары математика» кафедрасының доценті И.В Латкиннің жетекшілігімен МФИООМЛ - нің 11 «Б» сыныбының оқушысы К.О.Пименова «Сүт өнімдерін сатудың экономикалық есептеулері» тақырыбынан ғылыми жоба қорғады және облыстық қарауда аталған жоба 2-ші дәрежелі дипломмен, Алматы қаласының Ұлттық ғылыми - тәжірибелік білім беру және ден саулықты түзету «Бөбек» орталығында өткізілген республикалық байқауда 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.