Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми зерттеулер

Кафедрадағы іргелі ғылыми зерттеулер екі бағытта жүргізіледі: «Жалпылама есептеулер және үлгі анықталымдылығы», «Техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттерін  математика пәнінен оқытудың  кәсіпкерлік – педагогикалық бағыты».

Бірлесе зерттеу негізінде студенттер серіктес автор болған ондаған мақалалар жарияланған, ғылымда және өндірісте елеулі маңызы бар магистрлік диссертациялар дайындалып, қорғалған. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу курстарының мазмұнын жетілдіруге, оқу курстарын жергілікті мәселелер шешімдеріне бейімдеуге маңызды негіз болды. Ғылыми зерттеулер оқыту процесіне енгізілген кредиттік технологиядан да жүргізілді.

Кафедра ғылыми - әдістемелік ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасау мақсатымен:

  • Новосибирскінің мемлекеттік университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия) 2007 жылдан бастап.
  • Новосибирскінің мемлекеттік техникалық университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия).
  • Алтай мемлекеттік университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия).
  • Сиена (Италия) университетімен PhD докторанттарын оқыту және олардың кәсіптік практикасын өткізуге келісім шарт құрды.

Ғылыми жобалар

Жаңартпа қарекеттің негізгі бағыттары кафедраның ҒЗЖ сәйкес және жеке оқытушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарымен анықталды. Кафедра «Жалпылама есептеу үлгілері» тақырыбынан жаңартпа жоба орындайды, бұл жоба ҚР БжҒМ Іргелі зерттеулер Қорынан үйлестіріледі. Сонымен қатар, АТжЭФ «Техникалық білімді математикаландыру» жаңартпа жобасы игерілген және бұл жоба факультетте іске асырылуда.

Кафедрада 6М060100 – «Математика» мамандығынан магистратура және 6D060100 «Математика»  мамандығынан докторантура жұмыс жасайды.

Ғылыми бағыты «Жалпылама есептеулер және үлгі анықталымдылығы» (.pdf, 276Кб).

Ғылыми жұмыс: «Техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттерін  математика пәнінен оқытудың  кәсіпкерлік – педагогикалық бағыты» (.pdf, 208Кб).

ПОҚ дайындау және біліктілігін жетілдіру біліктілікті жоғарылату курстарында, докторантурада, магистратурада оқытумен іске асырылады.

Кафедрада 2011 жылдың қыркүйегінен үш бағытта PHD докторантурасы ашылды: 1) алгебра және математикалық логика; 2) математиканы оқытудың теориясы мен әдістемелігі; 3) есептеуіш математика. Ағымды жылы 4 адам грантқа оқуға түсті.

pic5Сонымен қатар, оқытушылар біліктілікті жоғарылатудың әртүрлі курстарында оқыды: «Интернет желісінде оқыту», электрондық оқулықтарды құрастыру әдістемесі курсында, қазақ тілі және ағылшын тілін зерделеу курстарында, «Tempus бағдарламасы шеңберінде жобаларды арнайы әзірлеуге әдістемелік көзқарас қалыптастыру» семинарында, МСО (менеджмент пен сапа орталығының) әртүрлі курстары мен семинарларында. Курстар нәтижесі бойынша сәйкес сертификаттар алынды.

2011 жылдың тамыз айында профессорлар ф. – м.ғ.д. Н.М.Темірбеков, п.ғ.д. С.Д.Тыныбекова Астана қаласында өткізілген «Жанұя, мектеп және қоғамның болашақ игілігіне бірлесуі» Республикалық педагогикалық форумына қатысты.

Кафедраның аға оқытушысы Г.А. Зайцева 2011 жылдың 12.09.- 25.09  дейінгі аралығында Алматы қаласының ғылым және біліктілікті жоғарылату орталығында 72 сағаттық бағдарлама бойынша «Дистанциялық оқыту технологияларынан оқыту үдерісін ұйымдастыру» пәнінен кәсіптік курста оқыды.

Кафедраның аға оқытушысы В.Н.Сидоренко 2011 жылдың 14.11. – 19.11. дейінгі аралығында «Ақпарат - өндірістің өнімі, товары, факторы» халықаралық ғылыми семинарына қатысып, сертификат алды, семинарды ұйымдастырушы Россия ғылым академиясының Орал бөлімі экономика институтының Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ – дегі Курган филиалы.

Кафедраның аға оқытушысы А.А. Конырханова 2011 жылдың 12.12 – 24.12. дейінгі аралығында 72 сағат шеңберінде «Жаңа замандағы ақпараттық технологиялар» бағдарламасынан курста оқып, сертификат және куәлік алды, курс ұйымдастырушысы Аль – Фараби атындағы ҚазМУ.

Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері  жақын және алыс шетелдерде бағаланды. Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларда баяндамалармен қатысады, олардың жұмыстары ынтымақтас – Россия, АҚШ(Notre Dame), Франция және т.б. елдердегі әртүрлі журналдарда жарияланған.

i8i9 2011 жылдың қазан айында Новосибирск қаласында алгебра, математикалық логика және алгоритмдер теориясынан «Мальцев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда РФ ҒА академигі Ю.Л.Ершов импакт – факторы жоғары «Алгебра және логика» журналында маңыздылығы ерекше жұмыстар жариялаған ғалым -профессор Н.Ғ. Хисамиевті күміс төс белгімен марапаттатады.

Кафедрада алгебра мен логикадан, (аптасына бір рет) магистранттар мен докторанттар баяндама жасайтын ғылыми-теориялық семинар ұйымдастырылған. Бұл тақырыптан кафедра, Новосибирскінің мемлекеттік университетімен, РҒА СБ(Математика институты) бірлесе, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс атқарады, семинарда математиканы оқыту технологиясының өзекті сұрақтары қарастырылады, кафедра мүшелері жүргізетін зерттеулер, әдістемелік сұрақтар, оқытушылардың ашық сабақтары, емтихан тапсырмаларынан тестілер құрастырудың сапасы, студенттер аттестациясының нәтижелері жөніндегі мәліметтер және т.б қарастырылады.